Мектептер жаңа оқу жылына дайын емес

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 25 тамыз, 2023

Біраз мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Сабақтың басталуына небәрі бір апта қалса да кейбір білім ошақтарында күрделі жөндеу әлі аяқталмаған, деп хабарлайды Turkistan Today.

Орын тапшылығы да байқалады. Салдарынан балалар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Мәселе қалай шешіледі? Өңірдегі әріптестерім тақырыпты тарқатып айтады.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Биыл оқу жылына Батыс Қазақстан облысында бақандай бес мектеп әзір емес. Казталовка ауданындағы білім ошағының құрылысы төрт жылдан бері аяқталмаса, Қаратөбедегі Шалғын ауылының оқушылары жаңа мектепті күте-күте шаршаған. Бұған жауаптылардың жауабы дайын.

Луара ХАЙРЕКЕНОВА, БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мердігердің жұмыс кестесіне сәйкес емес, кешіктіріп жұмыстарды орындауы. Балалар ыңғайластырылған әлеуметтік нысандарда оқиды. Мысалы, мектептің интернаттары бар бізде немесе ауыл клубтары бар, әкімдіктер бар. Солардың ғимараттарында бөлмеге бөлініп, оған дайындық жасап отырмыз.

Биыл облыста 6 мектепті күрделі жөндеуге 678 млн. теңге бөлінген. Бірақ үшеуі әлі дайын емес. Ақжайық пен Бәйтерек аудандарының оқушылары жылдағыдай мәдениет үйін жағалайды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

– Өз басымыз мектепте оқыған кезде компьютерлік класс болды бізде, химия болса, химия класы болды. Әрбір кабинет оқушыны ынталандырады. Біз қайдан білеміз? Болашақта Менделеевті дайындап жатқан шығармыз. Сонда міне қаншама баланың обалына қалып жатыр?
– Оқушылар әкімшілік ғимаратында, мәдениет үйінде, т.б. әлеуметтік нысандарда білім алуға мәжбүр болады. Оқушы лайықталмаған өзінің мектебінде оқымағасын ол жерде қандай білім болуы мүмкін?

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Тұрғындардың наразылығын білдіруі де негізсіз емес. Өйткені өңірде мектеп тапшылығы байқалып отыр. Осының салдарынан үш ауысымдағы білім ошақтарының саны азаяр емес.

Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ақтөбе облысында 428 мектеп бар.Оның 14-і жекеменшік, 2 кешкі және 4-і түзетуге арналған білім ұйымы.

33 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізілген. Бірақ Шалқар ауданындағы Жангельдин, Үргенішбаев атындағы орта мектептерде жұмыс кешеуілдеп тұр. Жауаптылар дегенмен, бұл оқу процесіне кедергі келтірмейді дейді. Сабақ өз уақытында басталады.

Аймақта бес апатты және алты үш ауысымдық мектеп бар. Үш ауылда жаңа білім беру нысанын салу мәселесі қарастырылған. Ал үш ауысымдық мектептердің дені облыс орталығында.

Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үш ауысымдық мектептердің барлығы да 2025 жылға дейін толығымен шешіледі. Қазір таңда 12 мектеп жаңынан жапсарлас құрылыс салынып жатыр. Ол жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. 60 мектепте жапсарлас құрылыс басталды. 72 мектеппен Батыс ауданындағы мектептер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп басталып келер жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жалпы 2025 жылға дейін аумақта 54 жаңа мектеп салуға жоспарланып отыр. Халық саны көбейген сайын білім беру ұйымына деген сұраныс та артуда. Ал Астанада жағдай қалай, мектеп тапшылығы мәселесі бар ма?

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Елордада да бар бұл мәселе. 26 мың оқушы мектепке сыймайды. Соның салдарынан, енді, 8 білім ошағындағы оқушылар үш ауысыммен оқиды. Бала саны белгіленген нормадан асып кеткен нысандар да бар. Олардың саны – 18.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мектеп құрылысы салынып, басталып жатыр. Осы 90 мың орын біздің қаламыздағы 24-25 жылдары беріледі мектептер. Осы мектептер берілгеннен кейін қалада оқу орын тапшылығы шешілетін болды.

Мамандар мәселе жақын арада шешіледі деп сендірді. Қазір елордада 15 мың орынға арналған 11 мектеп салынып жатыр. Мұнымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы 24 білім ошағы ашылады деп көзделген. Олардың құрылысы 2 жылдың ішінде аяқталуы тиіс.

Ғалымжан МОЛДАШ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әрбір мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған арнайы шеберханалар, студиялар қарастырылады. Осы және басқа да өзгешеліктер балаларымыздың тағдыры мен құзыреттілігін жан-жақты дамытуға бағытталған.

«Жайлы мектеп» ауыл, қала деп бөлмей бірыңғай стандартпен салынады. Бастауыш және 5-11 сынып оқушылары оқитын ғимараттар бөлек-бөлек блоктан тұрады. Спорт залдар да дәл осындай шартпен орналасады. Тағы бір ерекшелік. Бұл нысандар толық отандық жиһаздармен қамтылады. Бұдан бөлек, мектепке жылдамдығы секундына 100 мегабиттен жоғары интернет қойылмақ.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Иә, «Жайлы мектептер», расымен, жайлы болса екен дейміз. Өйткені, баланың толық білім алуы үшін ыңғай мен сапа – маңызды. 2026 жылға дейін оқушылар контингенті 4,5 млн балаға өседі деген болжам бар. Ол кезде орын тапшылығы 1,1 миллионға жетуі мүмкін.

Дереккөз: Аstanatv.kz

663

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.