Мемлекет басшысы аралас жекпе жектің жауынгері Шавкат Рахмоновты қабылдады

Мемлекет басшысы аралас жекпе жектің жауынгері Шавкат Рахмоновты қабылдады

Президент атақты спортшыны жақында Лас-Вегаста өткен UFC турниріндегі тамаша жеңісімен құттықтады, деп Turkistan Today хабарлайды akorda.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Шавкат Рахмонов сияқты мықты спортшылардың жеңіске деген еркі мен жетістігі жас ұрпақты шабыттандырады, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жауынгерге спорттық мансабында жаңа биіктерге жетуді тіледі.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ Президентті елдің абыройын лайықты қорғай отырып, жанкүйерлердің үмітін ақтауға бар күшін салатынына сендірді

Фото: akorda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
1