Қайта құру жолымен жер кадастрлары, жылжымайтын мүлік қызметтері, зейнетақы төлеу және ХҚКО атқарылатын жұмыстар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қарауына кіріп, өз қызметін 2016 жылғы 11 сәуірден бастаған еді. Мемлекеттік корпорация арқылы 1233-ке жуық қызмет түрі көрсетіледі, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бүгінде Мемлекеттік корпорацияның құрылғанына 7 жыл толып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» осы уақыт ішінде 271 млн мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Айта кетейік, өткен жылы ең көп сұранысқа иә болған қызметтер түрі, ол ЭЦҚ кілтін беру - 4 424 042 қызмет көрсетілген. Одан өзге ҚР азаматтарына 2 350 470 төлқұжаттар мен жеке куәліктер берілген. Ал 2 316 60 азамат автокөлік құралдарын тіркеген. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды 1 200 232 азамат (ауыртпалықтарды) тіркесе, 1 101 445 жүргізуші куәлігін алған.
Мемлекеттік корпорация азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көптеген жобаларды енгізуді қолға алып отыр. Олар постамат құрылғысы, құжаттарды жеткізу қызметтері, цифрлық ипотека сияқты жобаларды іске асыруда. Бұдан бөлек 1414 желісінде мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға 24/7 уақытта консультациялық қолдау көрсететін робот енгізілді.
Сонымен қатар, Астанада биыл пилоттық жоба ретінде құжаттау терминалы іске қосылды. Бұл жобаның ерекшелігі өтінімді 10 минуттың ішінде рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.