Соңғы кезде елімізде жас айырмашылықтары едәуір үлкен жандардың бас қосып жатқанын көріп жүрміз. Әсіресе отандық шоу-бизнесте биылдың дүмпуі болды десек болады. Ең алдымен әнші Ерке Есмаханның өзінен он екі жас әнші Райымға тұрмысқа шығуы болды. Ізін суытпай, ашық образдарымен сынға қалып жүрген әнші, актриса Камшат Жолдыбаева өзінен бес жас кіші актер Ғазірет Ержановпен некелескен болатын. Бұған дейін актриса Гүлбахрам Ахат та өзінен жасы кіші жігітпен бас қосқан еді.
Бұл жұптар елдің алдында жүрген танымал жандар болғандықтан жеке өмірлері халықтың көз алдында болып жатқаны рас. Осы орайда айтыскер ақын, әрі психолог Мұхамеджан Тазабеков бұндай жұптарға өз көзқарасы туралы айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.
"Кейде жігіттер өздерінен едәуір үлкен қызға үйленгісі келіп жатады. Мұның екі себебін байқаймын. Біріншіден жігіт адам анасының қамқорлығында көп болғандықтан, әйелдердің ортасында мейірім мен махаббатты көп сезінгендіктен, талап ететін емес, мейірім көрсететін әйелмен тағдырын бірге көреді. Әйел адамның дайын болғаны, өмірдер көп сынақ көріп, түсінәстік деңгейіне көтерілген әйлмен бірге өмір сүргенді жақсы көреді.
Яғни әйелді тәрбиелеп, оған үйретіп, одан бірнәрсе талап етуге жүйкесі де шыдамайды, еркектік қасиеттері сәйкес келмей жатады. Екіншіден ұл бала өмірдегі көп нәрсеге оңай жеткендіктен, жағдайы бар, атағы шыққан қызбен тағдырын тоғыстырғысы келеді. Сондықтан біз бұны жаманшылық деп есептемейміз.
Кешегі кешегі пайғамбар с.а.с өзі жағдайы бар, атағы шыққан, сұлу сұлу Хадиджа анамызбен тағдырын қосып, өзіне де, дініне де қолдау тапқан болатын. Бұл да бар нәрсе, бірақ жалпы етек алмаған, елдің бәрінің қолынан келе бермейтін нәрсе",-деп айтты ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.