Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды

Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды

Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Танымал былғары қолғап шебері Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері (2000).

Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0