«Мұнда Петр мен Павелдің қамалы болған». Желіде тараған видео талқыға түсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 шілде, 2023

Әлеуметтік желіде Петропавл қаласында 2 әйел мен ер адамның арасында туындаған кикілжіңнің видеосы таралы, деп Turkistan Today хабарлайды “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Видеода екі әйел ер адамға Петропавл қаласы Ресейге қарасты аумақ екенін түсіндірген. Олардың бірі қазақ тілін білуге міндетті емес екенін, заңда ондай талап бекітілмегенін алға тартса, екіншісі Петропавл Ресейдің губерниясы екенін айтып, ер адамның қаладан кетуін талап еткен.

Мұнда Петр мен Павелдің қамалы болған, «Қызылжар» дегенді қайдан алдың? Тарихты білесің бе? – деп сөкті әйелдердің бірі.

Оған ер адам қаланың бұрынғы атауы «Қызылжар» екенін, болашақта да солай болатынын айтып түсіндірмек болды.

Желіде пікір білдірушілердің басым бөлігі елді арандатып, дүрліктіріп жүрген бейнежазба авторларын тауып, жазалау керегін айтса, кейбірі қаланың атауын жақын арада қазақшаға ауыстырмаса, сепаратистік пиғылдағы азаматтардың көбейетінін айтты.

963

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.