Нұралхан Көшеров Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, аймақтың тыныс-тіршілігін зерделеді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 ақпан, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына іссапары барысында Жүзімдік елді мекеніндегі «Оймауыт» су бөгетінің жай-күйімен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы меншігіндегі бұл су бөгеті 1986 жылы пайдалануға берілген. Су өткізу қабілеті 285 м3/сек болатын бөгеттің ұзындығы – 30 метр. Іргелес жатқан егістік жер көлемі – 2,7 мың гектар. «Сейсмоқорғау» ЖШС мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысына сәйкес «Оймауыт» су торабы бүгінгі күні пайдалануға жарамсыз деп танылған. Осыған орай, жаңа бөгет құру үшін 6,5 гектар жер телімі алынып, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы Келес ауданында мемлекет теңгерімінде жалпы ұзындығы 1 051,2 шақырымды құрайтын 148 канал және 144 қашыртқы бар. Қосымша аудан аумағынан өтетін Келес өзені бойында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты 3 су бөгеті және «Ақылбексай» су қоймасы тіркелген. Шаруаларға ағын суды уақтылы жеткізу және тасқын судың алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан 66 шақырымды құрайтын 14 канал мен қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал биыл ұзындығы 87 шақырымға жуық 32 каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қажеттілігіне қарай каналдарға күрделі жұмыстарын жүргізу көзделген.

Аймақ басшысы Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын бақылады. Құрылыс жұмыстарын «Корпорация АК ордасы» ЖШС 2023 жылдың маусымында бастаған. 1,5 гектар жерде орналасқан ғимараттың сыйымдылығы – 250 орын. Спорт ғимаратында түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік қарастырылған. Мұнда бокс және күрес залдары, конференция залы, жуыну және жаттығу бөлмелері мен асхана бар. Нысан биыл пайдалануға тапсырылмақ.

Осы күні облыс әкімі Біртілек ауылдық округі, Оразата елді мекенінде орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығының жылыжайына барды. Шаруа 0,62 гектар жерге лимон, қызанақ, қияр, қырыққабат, пияз, болгар бұрышы, баклажан және тағы басқа бақша дақылдарын егіп, көшеттерін шығаруда. Сонымен қатар көшеттердің жаңа сорттарын зерттеп, сор жерге арналған төзімді көшеттерді дайындайды. Жоба құны 100 млн. теңгені құраса, жылдық қуаттылығы – 2,5 млн. түп көшет. Жылыжайда 35 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған. Өнімдер еліміздің ішкі нарығын қамтып қана қоймай, Тәжікстан еліне де экспортталады.

Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұралхан Көшеров өзекті мәселелерді назарға алып, аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына су нысандарының жағдайын реттеуді, әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.