Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 17 қаңтар, 2025

Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасуда. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Онда көтерілген мәселелердің бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің шешілуіне уақыт қажет. 

Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалаларынан және Созақ, Сайрам, Келес, Сарыағаш аудандарының азаматтары келді. Олар сан түрлі мәселе көтерді. Қабылдау барысында жұмыс сұраған азаматтарға жұмыс ұсынылды, денсаулығына байланысты көмек сұрағандарға тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды. Сонымен қатар жер телімін алу, жануарлардың құқығын қорғау, өтемақы алу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайы қозғалып, ауыл шаруашылығы саласына байланысты ұсыныстар айтылды.


 
Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аймақ басшысы кез келген көтерілген мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, шешілуі өз бақылауында болатынын айтты. 

Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.