Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырасы аясында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға өз міндеттерін сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.
– «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызы зор. Осы идеяны жүзеге асыруға арналған қоғамдық акциялар мен іс-шараларды, пікірталастаарды формалды түрде емес, білікті сарапшылар мен мамандарды қатыстыра отырып, ауқымды деңгейде өткізу керек. Облыс тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру акциялары жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастырылуы қажет. Халықтың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға арналған профилактикалық жұмысты жандандырыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев пен Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжановтың есептері тыңдалды.
Облыста «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы» жоспар 5 негізгі бағыттан және 55 іс-шарадан тұрады. Полиция департаменті, сондай-ақ жергілікті атқару органдарына іс-шараның 10 тармағы белгіленген. Тиісті жұмыстар нәтижесінде өңірде 520 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмысқа (ақылы 382, ақысыз 119) тартылып, олардың көмегімен 47 қылмыстың ізін суытпай ашуға және 1917 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында қала, аудан, сондай-ақ шалғай ауылдарда үйме-үй аралау жұмыстары ұйымдастырылып, интернет-алаяқтық қылмысының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру бойынша жыл басынан 3 рет жолда қабылдау акциясы өткізілді. Есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар атқарылып, іс-шараларға 76 мыңнан астам оқушы мен студент, ата-аналар және жергілікті тұрғындар қатысқан. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, тұрғындардың құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыстағы білім беру ұйымдарының маңына жылдамдықты шектеуге арналған 514 дана жол белгісі, 276 жасанды жол кедергісі және жаяу жүргіншілер өткеліне 4 дана бағдаршам орнатылып, 2100 метр аяқжол мен 2 264 білім беру ұйымының алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтары жаңартылған.
2025 жылға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Заң мен тәртіп» қағидаларын іске асыру бойынша Қоғамдық даму басқармасы және аудан, қала әкімдіктері тарапынан 21 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қызметті ұйымдастыру», «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне тарту» жобалары және өзге де бастамалар бар. Сонымен бірге жыл басынан бері 17 аудан, қалада халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Аманат» партиясымен бірлесіп атқарылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржы сарапшылары 3494 азаматты онлайн, 2378 азаматты оффлайн форматта оқытты.
Жыл басынан бері жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 567 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 36 210 жас қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.