Наурызнама: Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетілімі өтті

Түркістан 19 наурыз, 2025

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты ерекше мерекелік шара өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Сән әлеміндегі ұлттық нақыш пен заманауи үлгіні тоғыстыратын «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетіліміне «Алтын Models» модельдік агенттігінің арулары, сондай-ақ «Бикеш Этно» және «Айлин ательер» сән үйлері қатысты. Сондай-ақ шараға «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Баян Адырбекова және журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Роза Нарымбетова, Түркістан қалалық «Жастар орталығының» басшысы Айдар Лескенов қатысып, Ұлттық киім күнінің маңызына тоқталды.

Өзбекәлі Жәнібектің немересіне арнап тіккен ұлттық киімі келушілердің назарын бірден өзіне қаратты. Кеш соңында кітапхана директоры сөз алып, мерекелік кешке қатысқан сән үйлеріне және модельдік агенттікке алғыс білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.