Нұрлан Ноғаев мұнай компанияларына жұмысқа қалай орналасуға болатынын айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 13 ақпан, 2024

Жаңаөзенге жұмыс сапары барысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жұмыссыз азаматтармен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп Turkistan Today хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде Жаңаөзен тұрғындары мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуға байланысты сұрақтар қойды. Нұрлан Ноғаев жұмыспен қамту мәселелері қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен шешілетінін атап өтті. 

Мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу мәселелері ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделе отырып шешілетін болады. Аймақтағы халық саны жыл өткен сайын артып келеді, ал жаңа кәсіпорындардың ашылуы уақытты қажет етеді. Аймақта жаңа жұмыс орындары құрылуда, алдағы уақытта да құрылатын болады. Алайда кезектен тыс жұмысқа орналасу мүмкін емес, әсіресе мұнай немесе сервистік компанияларға. Бұл кезекте тұрған басқа азаматтарға әділетсіз болады. Сондай - ақ, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын басқа да жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру қажет, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

420

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.