2026 жылғы 20 қарашада Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында (Пирамида, Тәуелсіздік даңғылы, 57) «NXplorers: Nature’s Code 2026» атты V республикалық ғылыми-көпшілік фестиваль өтеді.
Фестиваль мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, педагогтерді, кураторларды және Қазақстанның білім беру экожүйесінің өкілдерін бір алаңға жинайды. Іс-шара Shell NXplorers халықаралық бағдарламасы аясында өтеді. Оны «Шелл Қазақстан» компаниясының қолдауымен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.
Фестивальдің негізгі идеясы — «Болашақтың кодын аш / Раскрой код будущего / Unlock the Code of the Future». Біз әдемі, үйлесімді әрі сәнді деп санайтын дүниенің бәрін табиғат бізден бұрын-ақ ойлап тапқан. Назар, түс, дыбыс және өзгеру қабілеті — табиғаттың төрт коды. Әр код арқылы қатысушылар NX-ойлаудың бір түрімен және NXplorers құралдарының бірімен танысады, ал әдістеменің өзін іс жүзінде меңгереді.
Фестиваль өтетін орын да осы идеямен үндеседі. Норман Фостердің жобасы бойынша салынған Пирамида жерден басталып, бақ арқылы аспанға ұласатын жолды бейнелейді. Оның үш деңгейі NXplorers әдістемесінің «Зерттеу», «Жасау» және «Өзгерту» атты үш кезеңіне сәйкес келеді. 2026 жылы NXplorers байқауына бес жыл, ал Пирамиданың ашылғанына жиырма жыл толады.
Сағат 8:30-да қатысушыларды тіркеу басталады, ал сағат 10:00-де фестиваль бейнеролик пен құттықтау сөздер арқылы салтанатты түрде ашылады. Бас залда «Назар коды», «Түс коды», «Дыбыс коды» және «Өзгеріс коды» атты төрт тақырыптық таныстырылым өтеді. Қатысушылар иллюзионистің тәжірибесін, тірі музыканың сүйемелдеуімен суретшінің картина салу үдерісін, опералық дуэттің өнерін және финалист команда жобасының даму тарихын баяндайтын құм анимациясын тамашалай алады.
Фестиваль сахнасында Central Asia’s Got Talent жобасының жартылай финалисі, «Удивительные люди» (Россия-1) және «Қытайдың үздік иллюзионистері» шоуларының қатысушысы, иллюзионист Александр Ткачук, «Маркетинг по законам природы» тақырыбымен Жулдыз Курумбаева, опера әншісі, дирижёр, хордың көркемдік жетекшісі және халықаралық байқаулардың лауреаты Шадияр Құрманбай, сондай-ақ заманауи суретші, муралист және визуалды жобалардың авторы Раис Шагиев өнер көрсетіп, баяндама жасайды.
Бағдарламаға сондай-ақ білім алушылардың экологиялық жобаларына арналған «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» байқауының қорытынды кезеңі, «Кодтар жолы» интерактивті бағыты және диджей-сет кіреді. Фестивальдің шарықтау шегі — бес команданы марапаттау рәсімі. Олардың әрқайсысы өз жобасын жүзеге асыру үшін 1 200 000 теңге көлемінде грант иеленеді.
Сағат 15:30-да жүлделер ұтысы мен ортақ фотосуретке түсуді қамтитын фестивальдің қорытынды бөлімі – «Баршаға арналған финал» басталады.
«NXplorers: Nature’s Code 2026» фестивалі бір күнде шабыттануға, жаңа білім алуға, сарапшылармен танысуға және өзгерістерге бастамашы болатын қауымдастыққа қосылуға мүмкіндік береді.
Қатысу тегін, алдын ала тіркелу міндетті.
Тіркелу: https://zhasylurpak.com/shell_reg
Іс-шараның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/nxplorers.kz/
Іс-шараның ресми сайты: https://zhasylurpak.com/naturescode
Іс-шараның афишасы: https://drive.google.com/drive/folders/1f1KcC3M1OLd0svtYjmdiAanum_3bM5ul
Анықтама үшін:
Шелл Казахстан - экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, энергия тасымалдағыштарға өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға ұмтылатын интеграцияланған энергетикалық компания.
"Caravan of Knowledge" корпоративтік қоры - Қазақстанда STEAM білімін танымал ететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.