«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында жүргізілетін зерттеулер мен қолданылатын әдістер жайлы айтып берді,- деп хабарлайды turkistan.today
Институт 2019 жылы құрылған. Қазір оның құрамында бес орталық бар: Социологиялық зерттеулер орталығы, Отбасы және гендер мәселелерін зерттейтін орталық, Қоғамдық процестерді зерттейтін орталық, «Media Lab» орталығы және Сараптамалық-талдау басқармасы.
«Осы уақытқа дейін шамамен 200 тарта түрлі деңгейде, түрлі форматта және түрлі көлемдегі зерттеулерді жүргіздік. Социологиялық зерттеуде көп қолданылатын тәсілдер сандық (жаппай сауалнама) мен сапалық социологиялық зерттеу. Сапалық социологиялық зерттеуде тереңдетілген сұқбат жаппай сауалнама көрсете алмайтын деректерді алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кеңінен қолданылатын тағы бір тәсіл – фокус-топтық талқылаулар деп аталады. Ол жерде бірнеше адам сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеуге қатысады. Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі», - деді Нұрбек Мәтжани.
ҚҚДИ ірі зерттеулерінің ішінде «Қазақстан Республикасындағы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп аталатын ұлттық баяндама бар. Онда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себеп-салдары, заңдағы олқылықтар, әлемдік тәжірибе талданады.
«Қазақстан отбасылары» Ұлттық баяндамасына тоқталатын болсақ, бұл жерде отбасылық модель қалай өзгеріп жатыр, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас, елдегі ажырасуға деген көзқарас көрсетіледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.