Ертісбаев Live Youtube арнасында жарияланған видеосында Уәлихан Бишімбаев сөзін қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстарына көңіл айтудан бастады, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол сонымен қатар, ұлының Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келмегенін мәлімдеді.
Олар отбасын құрып, ары қарай өмір сүргісі келді. Пәтерінде құрылыс жүргізіп, киім бөлмесін Салтанат үшін үлкейтуді қалады. 9 қараша күні не болғанын біз де білмейміз. Бірақ біз ұлымыздың өлтіру туралы ойы болмғанына толық сенеміз, – деді Бишімбаев.
Уәлихан Бишімбаев тергеу құпиялығын алға тартып, ұлына қатысты іске манипуляция жасап жатқандардың көп екенін айтты.
Ол сөзінің соңында БАҚ өкілдерін шындыққа жанасатын ақпаратты ғана жариялауды сұрады. Сонымен қоса тиісті органдарды ашық әрі әділетті тергеу жүргізуге шақырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.