Олжас Бектенов Абай өңіріндегі өнеркәсіптің дамуымен танысты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 26 шілде, 2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысының индустриялық дамуымен танысты.

Отандық кәсіпорындарға, атап айтқанда ірі машина жасау өндірістеріне және қаптама материалдар мен цемент шығаратын зауыттарға барды,-деп хабарлайды turkistan.today порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Олжас Бектенов «Қазполиграф» ЖШС өндірістік қуатын аралап көрді. 83 жылдық тарихы бар ең көне комбинат тамақ өнеркәсібіне арналған қаптамалардың барлық түрін жасайды. Жыл сайынғы өндіріс көлемі қағаз және картон ыдыстардың, полимерлі пленкалардан жасалған престелген және қаптама бұйымдарының шамамен 35,5 мың тоннасын құрайды. Барлық ассортимент қазақстандық азық-түлік өндірушілер арасында үлкен сұранысқа ие, сондай-ақ көрші елдерге экспортталады.

 «Біздің зауыт 1941 жылдан бері жұмыс істейді, мұнда 700-ден астам адам еңбек етеді. Біз орағыш материалдар, гофрленген қаптамалар, тамақ өнеркәсібіне арналған жапсырмалар және басқа да өнімдер шығарамыз. Біз пленка, пергамент, фольга, эколин сияқты материалдарды қолданамыз. Өнімдерді Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға жеткіземіз», — деді «Қазполиграф» ЖШС сыртқы экономика жөніндегі директоры Қайрат Омарғалиев.

Премьер-Министр өңірдің және жалпы республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысты. Абай облысы көкөністерге, ұнға, макарон және ет өнімдеріне деген өз қажеттілігін толық көлемде жабады (сиыр еті бойынша – 229%, құс еті бойынша – 151%). Өткен жылы өңір ет өндіруді 3%-ға (83,8 мың тоннаға дейін) және сүт өнімдерін өндіруді 2,4%-ға (289,6 мың тонна) ұлғайтты.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 1958 жылы салынған «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС-де болды. Кәсіпорын 2016 жылдан бастап толық жаңғырту бағытына бет бұрды. Меншікті вагондар паркі сатып алынды, өндірістік қуатты арттыру бойынша жаңа желілер енгізілді, екі пештің электр сүзгілерін заманауи жоғары тиімді шаң ұстайтын жабдыққа ауыстыру бойынша экологиялық жобалар іске асырылды. 

Зауыттың қуаттылығы жылына 1 150 мың тонна цементті құрайды. Өнім Қазақстан нарығында сатылып, шетелге экспортталады.

«Біз орта және жоғары деңгейлі тауарларды өндіруге баса назар аударамыз. Алайда, сонымен бірге барлық жерде қолданылатын цемент, бетон, темір-бетон өнімдері сияқты негізгі материалдармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар туралы ұмытпау керек. Биыл Үкімет алдына рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. Бұл құрылыс материалдарына сұраныстың артуына әкеледі. "Семей цемент зауыты" – жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі және қалаға әлеуметтік көмек көрсететін бизнестің жауапты өкілі. Үкімет тарапынан мұндай кәсіпорындарды қолдаудың барлық қажетті шаралары қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-Министр сонымен қатар «СемАЗ» ЖШС машина жасау зауыты және Семей машина жасау зауытына барды. Үкімет басшысына кәсіпорындардың технологиялық желілерін дамытудың ағымдағы қызметі мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Анықтама: Биылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 895,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішімен салыстырғанда ұлғайды (2023 жылы 673,6 млрд теңге).

ЖӨӨ-дегі (жалпы өңірлік өнімдегі) өнеркәсіптің үлесі 3 айда 41%-ды құрады. Сондай-ақ осы жылы өңірде өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны — 26,5 мың адамға өсті.

 

383

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.