Серіктестер

Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты

Түркістан Бүгін, 20:02

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына қатысты,— деп хабарлайды turkistan.today

Жергілікті тұрғындармен, белсенділермен бірлесіп, бұлақ көзін тазарту, айналасын абаттандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұлақтың жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайды, аталған бұлақтың тарихы XVII–XVIII ғасырлардан басталады. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков алдағы уақытта өңір бойынша 1,5 мыңға жуық бұлақ көзін тазарту жоспарланып отырғанын айтты.

Жалпы, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы биыл 23 наурызда басталды. Бірінші кезеңде тазарту және абаттандыру жұмыстары еліміздің алты өңірінде – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан 29 бұлақты қамтиды. Екінші кезең осы жылдың сәуір айына жоспарланған және еліміздің қалған өңірлерінде өткізіледі. Оның аясында бұлақ көзін ашу, су жинау, тазарту және абаттандыру, іргелес аумақтарды тазалау, қоқыстар шығару, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениеті мен су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. 

Бүгінде экологиялық іс-шараларға 3,8 мыңнан астам адам тартылған. Оған жастардың қатысуына ерекше мән беріліп отыр. Бұл өз кезегінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, су ресурстарына ұқыпты қарауға және өскелең ұрпақты табиғат қорғау ісіне кеңінен тартуға ықпал етеді. 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша, су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұлақтар су тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі бұлақтарды түгендеу жұмыстарын жүргізеді: алдын ала деректер бойынша 711 бұлақ көзі анықталды, сондай-ақ мұрағат материалдары бойынша 2772 бұлақ картасы жасалды.

Жалпы, экологиялық бастамаларды жүзеге асыру судың табиғи көздерін сақтауға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және су ресурстарына ұқыпты қарауға бағытталған.

«Мемлекет басшысының табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі бастамасы азаматтардың қолдауының арқасында Конституция деңгейінде тиісті құқықтық тұрғыда бекітілді. Мемлекеттің міндеті – адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру. "Таза Қазақстан" бастамасы қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіре отырып, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Бұл — нәтижелі, жасампаз патриотизмнің айқын үлгісі. Бүгінгі таңда акция тек сенбіліктермен және ағаш отырғызумен шектелмейді. «Мөлдір бұлақ» бастамасы табиғи бұлақтар мен су айдындарын қамти отырып, аясын кеңейтуде, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесінің маңызын жалпы қоғамдық деңгейде көтеріп отыр» — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.