Өңірлердегі БАҚ өкілдері ҚХА журналистер клубының алаңында бас қосты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 24 қараша, 2023

Ағымдағы жылғы 22-24 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен толеранттылықты нығайтуда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін біріктіруге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтуде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, БАҚ өкілдері, «Voice Power» консалтингтік компаниясының сарапшылары, сондай-ақ өңірлерден келген журналистер, блогерлер және т.б. қатысты.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов өз сөзінде еліміздегі этносаралық қатынастар саласының дамуының барлық аспектілері туралы жеткілікті көлемде білім жинақтаудың маңыздылығын және аталған саланы ақпараттық сүйемелдеудің ерекшеліктерін атап өтті. Ол жарияланатын ақпараттың дұрыстығына толықтай БАҚ жауапты болатынына тоқталды.

Вице-министр ақпараттық жұмысқа және ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары мен БАҚ-тың өзара бірлескен іс-қимылын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтып өтті.

Пікір алмасу барысында өңірлерден келген делегаттар журналистер клубының қызметін одан әрі жандандыру жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, сапалы ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың, қоғамға медиа арқылы шынайы ақпаратты жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Әрі қарай этносаралық келісімнің өзекті мәселелері бойынша оқыту семинар-тренингтері өтті. Тәжірибелі медиа-жаттықтырушылар Руслан Ыдырысов резонанстық жағдайларды шешу үшін диалог пен тиімді коммуникацияларды құру туралы, Ақылбек Жақсыбаев әлеуметтік желілердің жаңа алгоритмдерімен жұмыс істеу, авторлық контентті құру және ілгерілетудегі өзекті трендтер бойынша, «DEUTSCHE Allgemeine ZEITUNG» республикалық неміс газетінің мысалында газеттің бас редакторы Олеся Клименко  этностық БАҚ жұмысының тәжірибесі мен ерекшелігі туралы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар блогер, «Алға, Петербург!» жобасының жүргізушісі Иван Червинский контентті ілгерілетудің алгоритмдері туралы және «Voice Power» консалтингтік компаниясының тренері Әлия Текенова «Факт-чекинг ақпараттық ілгерілетудің және ҚХА имиджін сақтау құралы ретінде» тақырыбында ой бөлісті.

Шара соңында қатысушыларға сертификат берілді.

946

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.