Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр. Яғни, жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен ғана кіргізеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлім етті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Корея елінен жыл сайын қазақстандықтарға қатысты әртүрлі жағымсыз мәліметтер келіп жатады. Ол ел еңбек миграциясы мәселесін шет мемлекеттермен екіжақты келісім арқылы ғана жүзеге асырады. Осы мәселені реттеуді қолға алып жатырмыз. Сәуірдің 25-26-де жұмыс тобы Сеулге барып еңбек миграциясы мәселесін талқылайды. Қазір Оңтүстік Кореяда 16 елге еңбек квотасы беріледі, келесі боп біздің ел қарастырылып жатыр, - деді Ілияс Испанов.
Оның айтуынша, квота алатын адамдар алдымен дайындық курсынан өтеді.
Ол жердегі әдеп-ғұрып, тіл, жүріп-тұру тәртібі, олардың заңдары бар. Соған үйретеміз. Содан кейін ғана жұмыс істейді. Ең бастысы, өз біліктілігін көтереді, - деп атап өтті ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.