Қостанай облысында заманауи көкөніс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл саланың көшбасшылары — Б.С. Бекиров атындағы қожалық және Бакир Бекиров басқаратын «Халық Агро KST» ЖШС,- деп хабарлайды turkistan.today
20 жылдан астам уақыт ішінде шаруашылықтың суармалы көкөніс алқаптары 8 гектардан 480 гектарға дейін ұлғайды. Бүгінде өңделетін жер көлемі 500 гектардан асады.
Дәстүрлі дақылдар — картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияздан бөлек, фермер ассортиментті кеңейтіп, өңір үшін сирек саналатын көкөністерді енгізуге басымдық беруде:
• Брокколи (3 га, 12 т/га);
• Гүлді қырыққабат (3 га, 25 т/га);
• Қытай қырыққабаты (12 га, 15–18 т/га)
• Қызыл қырыққабат (1 га, 40 т/га);
• Дайкон шалқаны (1 га, 20 т/га);
Сондай-ақ қарбыз, асқабақ және басқа дақылдар табысты өсірілуде.
Айта кетелік, құны 286,6 млн теңге болатын жаңа инвестициялық жоба аясында 236 гектар алқапта суармалы егіншілікті дамыту жоспарланған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.