Отан қорғаушы күніне орай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері марапатталды

Жаңалықтар Бүгін, 16:44

Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Министр ұстаздарды мерекемен құттықтап, жастарды азаматтық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеуде олардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп спорт секцияларын дамыту, АӘТД кабинеттерін жабдықтау, әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастыру, «Жас сарбаз» қозғалысын қолдау және кадрлар даярлау сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде 5 мыңға жуық АӘТД пәнінің мұғалімі қызмет етуде. Бұл пән жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке баулып, әскери қызмет пен Отанға деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сіздер – елін сүйетін, бейбітшілікті қадірлей білетін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, ерлік пен азаматтық борыштың мәнін ұғындырып келесіздер», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

Кәсіби шеберлігі мен тәрбие ісіне қосқан үлесі үшін 9 педагог «Еңбек ардагері» медалімен, ал 30-дан астам мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жиын соңында министр ұстаздарға адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, педагог мәртебесін көтеру мен қолдаудың министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.