“Отандастар Қорының” президенті А.Сапарбекұлы Россотрудничество басшылығымен кездесті

“Отандастар Қорының” президенті А.Сапарбекұлы Россотрудничество басшылығымен  кездесті

9 маусым күні ҚР СІМ қарасты “Отандастар Қорының” президенті Абзал Сапарбекұлы Мәскеу қаласында РФ Шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество) басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Аталмыш шараға Россотрудничество басшысының орынбасары Кирилл Богомолов қатысты. Бұл туралы “Отандастар Қорының” баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында сөз алған Абзал Сапарбекұлы Ресей тарапына Қор жұмысын таныстырып, ағымдағы жылда атқарылып отырған жұмыстармен және жобаларымен таныстырды. 

Қандастардан бөлек, зерттеу жұмыстарына сүйенсек, Ресей елінде тұрып жатқан отандастардың 80 пайызы Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық байланыс орнатқысы келеді деген оның сөзіне қызығушылық танытқан Кирилл Богмолов Қазақстанда жұмыс істеп жатқан “Орыс үйлері” туралы айтып, қазір 4 үй Астана, Алматы, Өскемен, Орал қалаларында қос елдің арасындағы байланысқа үлес қосып отырғанын жеткізді. 

Айта кететін жайт, аталмыш кездесуге Қазақстанның Астраханьдағы, Омбыдағы Бас консулдары мен Мәскеудегі Елшілік дипломаттары қатысып отырды. Шара соңында қос тарап алдағы уақытта өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қоюға уағдаласты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0