Мәжілістегі әйел құқықтарына қатысты заң жобасын талқылау барысында депутат Анас Баққожаев отбасындағы жанжалға тек ерлерді айыптауға болмайтынын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Депутат ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргендердің жазасын әлдеқайда қатаңдату нормаларын қолдайтынын айтты.
Еркектің ең сорлысы ғана әйелге қол көтереді. Дегенмен, ұрыстың бәрі бірден ұрудан шықпайды ғой. Ерлерді де түсінуіміз керек. Жанжал неден туындайды? Әрине, кей жағдайда әйелдің тілінің ұзын болуынан. Мені бұл сөзім үшін әйел адамдар кешірсін. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақта «жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс» немесе «ерге жаққан әйел елге де жағады» деген сөз бар. Біз қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз. Бұл ретте Оқу-ағарту вице-министріне сұрақ қоймақпын. Қазір оқу орындарында қыз балаларды инабаттылыққа тәрбиелейтін қандай сабақтар өткізіліп жатыр? Ынталандыру шаралары бар ма? - деп сұрады Анас Баққожаев.
Депутаттың ойынша, қыздарды тәрбиелеуге мән беру қажет.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.