Түркістан облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, бай тарихи және мәдени мұрасы бар аймақ. Бұл облыс отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуға ерекше мән береді. Отбасы – қоғамның негізгі ұясы, ал оның құндылықтары ұлттық тәрбие мен мәдениеттің негізі болып табылады. Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған түрлі шаралар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды turkistan.today
Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар
Түркістан облысында отбасы институтын қолдау мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Мысалы:
«Отбасы институтын қолдау» бағдарламасы: Бұл бағдарлама аясында отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары ұйымдастырылады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы: Бұл конкурс арқылы үлгілі отбасылар анықталып, олардың тәжірибесі басқа отбасыларға үлгі ретінде ұсынылады.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау шаралары
Мектептер мен жоғары оқу орындарында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында түрлі семинарлар, тренингтер және ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылады. Бұл шаралар арқылы жастарға отбасы институтының маңызы түсіндіріледі.
Қоғамдық ұйымдардың рөлі
Отбасы мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар облыста белсенді жұмыс істейді. Олар отбасыларға құқықтық кеңестер беріп, дағдарыс жағдайында көмек көрсетеді. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар отбасы құндылықтарын сақтау бойынша түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асырады.
Отбасылық құндылықтарды нығайтудағы діни ұйымдардың ықпалы
Мешіттер мен басқа да діни мекемелер отбасылық құндылықтарды насихаттауда маңызды рөл атқарады. Олар отбасылық тәрбие, сүйіспеншілік, құрмет және өзара түсіністік сияқты құндылықтарды уағыздайды.
Отбасылық құндылықтарды сақтаудағы әлеуметтік қызметтердің рөлі
Әлеуметтік қызметкерлер отбасыларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Олар отбасылық дағдарыстарды шешуге, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасы мүшелерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.
Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған шаралар мен бағдарламалар өз нәтижесін беруде. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажет. Қоғамдық ұйымдардың, діни мекемелердің және әлеуметтік қызметтердің ынтымақтастығы арқылы отбасы институтын нығайтуға болады.
Түркістан облысы Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды.
Аталған үйлердің құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын. Жалпы облыс құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Яғни жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табыс етілген. Өткен жылдың өзінде өңір тұрғындары 1174 коммуналдық және 977 ипотекалық үй алған.
Түркістан облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған бағдарламалар үлкен қолдауға ие болып келеді. Мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үй сертификаттары да маңызды рөл атқарады. Осы ретте тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыруға басымдық берілуде.
– Тұрғын үймен қамту өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында 14 161 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде, коммуналдық тұрғын үймен 7 567 отбасы, ал «7-20-25» және «Отбасы банк» бағдарламалары арқылы 6 594 отбасы ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы жерде динамикаға қарайтын болсақ жылына шамамен коммуналдық тұрғын үй қорынан және түрлі ипотекалық бағдарламалар арқылы 2 200-ге жуық пәтер табысталуда. Өткен жылдың өзінде 1 174 коммуналдық тұрғын үймен және 977 ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.
Одан бөлек, мемлекеттік қолдау арқылы азаматтар ипотекалық баспана алу мүмкіндігін жеңілдетіп, алғашқы жарнаны төлеу мәселесін де тиімді шешуге мүмкіндік алады. Тұрғын үй сертификаттары — бұл мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмек. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) осы сертификаттардың мөлшерін және оларды алу шарттарын анықтайды. Осылайша, әр өңірдің тұрғындары өз жергілікті бюджетіне сәйкес тұрғын үй сертификаттарын ала алады.
Тұрғын үй кезегінің айқын болуы үшін тұрақты түрде түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы 3 818 азамат, ал 2024 жылы 4 599 азамат тұрғын үй кезегінен белгілі бір сәйкессіздіктердің анықталуымен шығарылған. Тұрғын үй кезегі толық электронды форматта жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар үй кезегін «кезекте.кз» порталы арқылы кез келген уақытта көре алады.
Мониторинг жұмыстарының барысында көптеген кемшіліктер мен олқылықтар орын алған. Атап айтқанда, субсидия алып жатқан 5 мыңнан астам отбасыдан кемшіліктер анықталып, келісімшарттары қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тоқтатылды.
Айта кетейік, тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Азаматтар өз кезегінен тыс пәтер алмайды немесе өзге адамның орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шаралар тұрғындардың сенімін арттырып, кезектің әділ түрде өтуін қамтамасыз етеді.
Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау 12 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарға құрмет көрсетті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына жиі тоқталып келеді. «Мерейлі отбасы» байқауы – тек үздік отбасыларды анықтайтын жарыс қана емес, бұл – отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге үлкен үлес қосып жүрген отбасылардың еңбегін елге танытатын үлкен алаң. Түркістан облысы 500 мыңнан аса отбасы қоныстанған өңір ретінде демографиялық өсімі ең жоғары аймақ болып есептеледі. Осы отбасылардың ұйытқысына айналған 187 мыңнан аса көпбалалы аналарымызды мақтанышпен айта аламыз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Жалпы конкурсқа 198 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 27 отбасы жеңімпаз атанды. Ал, бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 3 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр.
Конкурс қорытындысына сәйкес 1 млн. теңге қаржылай жүлдесімен I орын Молдабековтер отбасына (Сауран ауданы) бұйырды. II орынды Ширимбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы), III орынды Рысбековтер отбасы (Келес ауданы) иеленді.
Жеңімпаз отбасындағы Нұрмахан Молдабеков 90 жаста. Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде дүниеге келген. Зейнеткер, тыл ардагері. Жұбайы Оңласын Жүсіпбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 2 ұл, 7 қыз, 35 немере, 23 шөбере сүйіп отыр.
Айта кетсек, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – қоғамда отбасы институтының рөлін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өз ісінде өнеге болған, үлгілі отбасыларды насихаттау.
Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Нәтижесінде 100-ге жуық отбасыға баспаналы болып, оларға облыс басшысы атынан домбыра тарту етілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тұрғындарға баспана кілттерін облыс әкімі Нұралхан Көшеров табыстап, олардың қуанышын бөлісті.
Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі – Түркістан қаласының облыс орталығы атануы. Облыс орталығы атанғанына 7 жыл енді толса да, Түркістан қаласы күллі түркі елдерінің рухани астанасына айналып, шаһарға арнайы заңмен ерекше мәртебе статусы берілді. Шаһардың күннен күнге ажарланып, дамуына өздеріңіз атсалысып, көркейіп келе жатқанына куә болып отырсыздар. Мереке қарсаңында мемлекеттің қамқорлығы сіздерді тағы бір қуанышқа бөлеп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде баспанамен қамту жұмысы жүруде. Бүгін қаламыздың тұрғындарына баспаналы болып, жаңа пәтерге қоныстану бақыты бұйырды. Біз баспанамен қамту жұмысын облыстағы барлық аудан, қалада жалғастырамыз. Адам үшін ең керегі – баспана. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді аймақ басшысы.
Әкімдіктің мәліметінше, баспана «әлеуметтік осал топ» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Оның ішінде, 48-і көпбалалы отбасылар болса, «әлсіз топ» санатындағы отбасылар – 36. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген. Былтыр 961 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 944 пәтерді иелеріне тапсыру жоспарлануда.
Түркістан облысы Сайрам ауданында Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Азанғазықызы қатысуымен қоғамның өзекті мәселелеріне арналған «Отбасы берекесі» тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда Оразкүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының отбасы институтын нығайту, демографиялық дамуды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бағытындағы жасаған әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет қайраткері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ парызымыз екендігін айтты. Мемлекет заңнамалық тұрғыда қорғау шараларын қабылдағанымен, азаматтық қоғамның бұл процесте белсенді рөлі болуы керек екенін ескертті.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, форум барысында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасулар болып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Оразкүл Асанғазықызының “Отбасы берекесі” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
Аталған рухани құндылықта отбасы институтының мәні, оның қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншілік туралы жазылған.
Қатысушылар форумның маңыздылығын атап өтіп, оның отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тұрғысынан үлкен ықпалын тигізетінін айтты.
Сондай-ақ, "Отбасы бақыт мекені" тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры , ұлағатты ұстаз Оразкүл Асанғазықызы арнайы ауданның тұрғындарымен кездесті.
Оразкүл Асанғазықызы ауданға қарасты Ақжар ,Жібек жолы, Жартытөбе ауылдық округтерінің және Сарыағаш қаласының тұрғындары , ауданымыздың әжелер алқасының төрайымдары, ақ жаулықты аналар және жастары қатысуымен өткен кездесуде саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу туралы, келешек ұрпаққа салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сіңіру, бақытты отбасын құрудағы аналардың рөлі, ана тілімізді және елдің әр аймағында жұмыс істеген жылдарындағы өмірлік тәжірибесі туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында қазіргі заманда болып жатқан түрлі оқиғалар, отбасы берекесі және бала тәрбиесі туралы сұрақтар қойылып, мемлекет және қоғам қайраткерінің пікірі мен кеңестерін тыңдады.
Кездесу соңында мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызына құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.
ERNUR.KZ мәліметінше, Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау 12 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарға құрмет көрсетті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына жиі тоқталып келеді. «Мерейлі отбасы» байқауы – тек үздік отбасыларды анықтайтын жарыс қана емес, бұл – отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге үлкен үлес қосып жүрген отбасылардың еңбегін елге танытатын үлкен алаң. Түркістан облысы 500 мыңнан аса отбасы қоныстанған өңір ретінде демографиялық өсімі ең жоғары аймақ болып есептеледі. Осы отбасылардың ұйытқысына айналған 187 мыңнан аса көпбалалы аналарымызды мақтанышпен айта аламыз, – деді Ертай Кенжебекұлы. Жалпы конкурсқа 198 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 27 отбасы жеңімпаз атанды. Ал, бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 3 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр. Конкурс қорытындысына сәйкес 1 млн. теңге қаржылай жүлдесімен I орын Молдабековтер отбасына (Сауран ауданы) бұйырды. II орынды Ширимбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы), III орынды Рысбековтер отбасы (Келес ауданы) иеленді. Жеңімпаз отбасындағы Нұрмахан Молдабеков 90 жаста. Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде дүниеге келген. Зейнеткер, тыл ардагері. Жұбайы Оңласын Жүсіпбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 2 ұл, 7 қыз, 35 немере, 23 шөбере сүйіп отыр. Айта кетсек, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – қоғамда отбасы институтының рөлін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өз ісінде өнеге болған, үлгілі отбасыларды насихаттау.
Түркістан облысының Келес ауданында үй кезегінде тұрған 104 отбасы биыл баспаналы болады. Аудан орталығы Абай ауылында былтыр 500-ге жуық тұрғынның әрқайсысына 10 сотықтан жер берілді.
Президенттің ауылдарды дамыту, тұрғын үймен қамту және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі тапсырмасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Абай ауылының тұрғыны Ербол Нарбайұлы 7 жыл бұрын жер кезегіне тұрған. Көпбалалы отбасы осы күнге дейін дейін ата-анасының шаңырағында тұрып келген. Былтыр кезегі келіп, 10 соток жерге ие болды.
Ербол Нарбайұлы, Абай ауылының тұрғыны:
- 2024 жылы кезегің келді деп шақырды. Үйдің құжаттарын дайындап, үй салып, көтеріп жатырмын. Ауданымызға рахмет, үлкен көмек болды. Жас отбасыларға осындай көмек беріп, жер бергеніне алғысым шексіз.
Былтыр аудан орталығы Абай ауылында 96 гектар жер телімі тұрғын үй құрылысына бөлініп, кезекте тұрған 484 азаматқа үлестірілді. Биыл баспана кезегінде тұрған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 104 отбасыға жеке тұрғын үй салынды.
Асылбек Жұманов, Абай ауылының әкімі:
- Ол көпбалалы, мүгедектігі бар, осал топтағы азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда құрылысы аяқталды. «Отбасы» банк арқылы пайлануға беру жоспарлануда.
Бұдан бөлек аудан орталығында 2 қабатты 22 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 16-сы биыл пайдалануға беріледі. Ал әлеуметтік дамыту орталығы мен жаңа мұражай және «Келешек мектебі» жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.
Жүсіп Ыбыраев, Абай ауылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Газдандыру мәселесі ауданымызда толықтай шешілген. Көшелерімізге түгел асфальт төселді. Жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Жайлы мектеп, спорт кешені, мәдениет үйіміз күрделі жөндеуден өтіп, халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Ауыл тұрғындары жаңа үйлердің бой көтеріп, инфрақұрылымдық жүйелердің дамуы, жолдардың жөнделуі - ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақсартып, жастардың елде қалып, еңбек етуіне үлкен мүмкіндік беретінін айтады.
Түркістан облысы Сайрам ауданында Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Азанғазықызы қатысуымен қоғамның өзекті мәселелеріне арналған «Отбасы берекесі» тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда Оразкүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының отбасы институтын нығайту, демографиялық дамуды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бағытындағы жасаған әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет қайраткері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ парызымыз екендігін айтты. Мемлекет заңнамалық тұрғыда қорғау шараларын қабылдағанымен, азаматтық қоғамның бұл процесте белсенді рөлі болуы керек екенін ескертті.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, форум барысында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасулар болып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Оразкүл Асанғазықызының “Отбасы берекесі” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.
Аталған рухани құндылықта отбасы институтының мәні, оның қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншілік туралы жазылған.
Қатысушылар форумның маңыздылығын атап өтіп, оның отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тұрғысынан үлкен ықпалын тигізетінін айтты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.