Қиырдағы қазақ қандасымыздың жеңісі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 10 шілде, 2023

 Пердегул Нұрпайзова Өзбекстан Республикасының Науаи облысы, Тамды ауылында туып өскен. Қазіргі таңда Науайы Мемлекеттік Педагогикалық институтының 4-курс студенті. Пердегүлдің жастайынан шығармашылыққа, әдебиетке қызығатынын сұхбат барысында байқалды. Өз қатарынан ілгері ойлайтын талант иесінің жыр шумақтары мен әдеби мақалалары аудан, облыс, Республика көлеміндегі баспасөз беттерінде жарық көріпті. Әртүрлі бәйгелерде жүлделі орындарды иелеген. Мәселен, аудан аралық байқауда үш рет жүлделі  орынды иелеп,  200 ден аса кітаптарды оқып 130 астам қатысушылар арасында облыста екінші орынды иеленген. Сонымен қатар жас ақын қызымыз қиырдағы барша әдебиетке қызығатын жастардың тырнақ алды туындыларын баспадан шығаруға атсалысқан. Әдебиет саласындағы қазақ қызы Өзбекстан Республикасының Жазушылар Одағымен ұйымдастырылған Орта Азиялық Республикалар арасында өткізілетін “Зомин қарлығаштары” семинарында белсене қатысты. Осылайша Жазушылар төрағасы Сирожиддин Саид мырзаның марапатына ие болды. 

Пердегүл Нұрпайзованың өлең жырлары Отанға деген сүйіспеншілік, туған жеріне ыстық махаббатынан туған.
Жаратылыстану факультетінің студенті Пердегүл биология саласында ғылыми мақалалар жазып, шетел басылымында жарық көріп үлгерген. Бүгінде білімге деген құштарлығының арқасында жүзге жуық шәкіртке ұстаздық етуде. Одан бөлек облыстағы веломарафон жарысының тұрақты қатысушысы. Шахматтан да бірқатар жүлде иесі. Пердегүл Нұрпайзова домбыра шертіп, ақындар арасындағы мүшәйраға да қатысып үлгерген. 
Былтыр өткен үлкен додада жас болуына қарамастан жүлделі үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар қатысушылар арасындағы ең жас ақын қызға аудан әкімі өз ықыласын білдіріп “өнерің өрге жүзсін” деген ниетпен қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйға тартты.


“Бұл мүшайраға қатысу үшін әлі жас екенімді біле тұра қатысуға өтініш білдірдім. Өйткені бұндай үлкен додада ұстаздарыммен бірге бәсекелесу әрине қиын. Алайда жинаған тәжірибе мені биікке алып шығарына сендім. Мен бұл мүшайрада жүлделі боламын ойламадым. Өйткені қарсыластарымның баршасы менің әдебиеттегі ұстаздарым болатын”,-дейді Пердегул Нұрпайзова.


Ең бастысы қиырда жүрседе қасиетін жоғалтпаған қазақ қызы жуырда Өзбекстан Республикасының Президентінің Алтын заңның отыз жылдық төсбелгісімен марапатталыпты. 
“Ата жұртқа деген сағынышым мен махаббатым ерекше. Қоғамның тас қамалына бір кірпіш сынды қалануға септігімді тигізу үшін және көбірек ізденіс үстіндемін,-дейді.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.