Петропавл тұрғыны Полиция басқармасының қақ алдына барып, дрифт жаасаған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 20 тамыз, 2023

Әлеуметтік желіде Жұмабаев көшесіндегі Полиция басқармасының алдында Lada Grantа көлігін мінген жүргізушінің дрифт жасаған бейнежазбасы тарады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында көлік Пестрое көлінің маңындағы саяжайдан табылды. Көп ұзамай жүргізуші де ұсталды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам көлік тізгінінде өзі болғанын растады. Бұлай жасауына жеке өміріндегі қиыншылықтарға байланысты туындаған эмоциялық күйзелісі себеп болғанын айтты.

Жасалған бұзушылықтар үшін жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596, 590, 591, 593 және 595-баптары бойынша хаттамалар толтырылды.

766

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.