Philip Morris International «түтінсіз болашаққа» 11 миллиард долларға жуық қаражат инвестициялады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 24 сәуір, 2023

Бір бөлігі «Филип Моррис Қазақстан» болып табылатын Philip Morris International (PMI) компаниясы тұрақты дамуды ресми бағалауға негізделген және 2022 жылы қол жеткізілген нәтижелер қамтылған өзінің төртінші Біріктірілген есебін ұсынды. Есеп түтінсіз болашаққабастар жолда өз трансформациясын жалғастыратынкомпанияның айтарлықтай ілгерілеуін көрсетеді және компанияның бизнес-үлгісіне, басқару жүйесіне, стратегиясына және қызмет нәтижелеріне объективті тұрғыда сипаттама береді, деп хабарлайды Turkistan Today.

2008 жылдан бастап компанияның инновациялар мен түтінсіз өнімдерді әзірлеуге жұмсалған жиынтық инвестициясы 10,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал әлемдегі PMI түтінсіз өнімдерін ересек тұтынушылардың болжамды жалпы саны Ресей және Украина нарықтарын есепке алмағанда 24,9 миллионға жетті. Бұл адамдардың барлығы жанбайтын зияны азырақ баламаларға артықшылық бере отырып, никотинді - темекініпайдаланудың ең зиянды түрінен бас тартты.

«Біз 2025 жылға қарай көп жағдайда темекі түтінінен азат компания болуға және түпкі нәтижесінде темекіден біртіндеп бас тартуға ұмтыламыз. Дегенмен мұндайауқымдағы және күрделі өзгеріске бір сәтте қол жеткізу мүмкін болмаса да, оның мүмкіндігінше тезірек іске асырылуына талпынамыз. Құрылымдық өзара әрекеттесудің арқасында біз маңызды және тиімді жұмыс жасайтын өзгерістер қарқынын тездетеміз және трансформациямызды біржолата аяқтаймыз», деп атап өтті PMI бас атқарушы директоры Яцек Ольчак. 

PMI 2016 жылы өз бизнесінің трансформациясы туралы жариялағаннан бері алдына өршіл мақсат қойды - жану процесі жоқ инновациялық өнімдермен алмастыра отырып,темекі өндіруден толық бас тарту, бұл жолда компания көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, 2022 жылдың нәтижелері бойынша өндіруші таза түсімнің 32,1%-ын түтінсіз өнімдерден алған. Салыстыру үшін, 2021 жылы бұл көрсеткіш 29,5%-ды құраған болатын.

Әлеуметтік аспектіге келетін болсақ, 2022 жылы компания жастардың тікелей және жанама бөлшек сауда арналарына кіруінің алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырды. Сондай-ақ, тұтынудан кейінгі қалдықтарды қысқартудың маңыздылығын ұғына отырып, PMI өз құрылғылары мен шығын материалдарын қайтару бағдарламаларын жүзеге асыруда прогреске қол жеткізді және электрондық құрылғыларды жөндеу мүмкіндіктерін кеңейтті. Кезінде іске қосылған бағдарлама тұтынушыларға қолданылған құрылғыны қайтару мүмкіндігін ұсынады, осылайша қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді. Пайдаланудан шыққан құрылғылар PMI қайта өңдеу орталықтарына жеткізіледі. Егер 2020 жылы нарыққа шыққан түтінсіз құрылғылардың 48%-ы жиналған болса, биылғы жылы орталықтандырылған қайта өңдеуорталықтарына қайтарылатын IQOS құрылғыларын кәдеге жарату коэффициенті 86%-ды көрсетіп отыр.

Ұсынылған баяндама бойынша, 2022 жылы PMI климаттық, орман және су қауіпсіздігі үшін CDP бағасын үш есеге арттырды, бұл жағдай үшінші жыл қатарынан орын алып отыр. CDPбұл бүкіл әлем бойынша жыл сайын компаниялардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізетін тәуелсіз ұйым. Осы мақсатта CDP компаниялардың қоршаған ортаға әсеріне және осы салада әрекет етуге дайындығына қатысты компанияның ашықтық эволюциясы туралы нақты түсінік беретін деректерді жинайды және бағалайды.

«Филип Моррис Интернешнл» жұмысының және Қазақстандағы жеке бизнес қорытындысы әлемді түтінсіз болашаққа жетелеу бойынша өз міндеттемелерімізге адал екенімізді және алдағы онжылдықта түтінсіз әлемге келуге барынша күш салатынымызды тағы да көрсетеді. Бірақ бұл үшін бізге қоғам мен мемлекеттің қолдауы қажет сонда ғана бізбірлескен күш-жігермен осы мақсаттарға қол жеткізе аламыз және жанатын өнімдерден құтыламыз» деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Олжас Бибанов.

 

Анықтамалық ақпарат:

Philip Morris International: Темекі түтінінен азатболашақты құру.

Philip Morris International (PMI) темекі түтінінен азатболашақты құруға жұмыс жасап жатқан жетекші халықаралық темекі компаниясы. Компания өз портфелінтемекі және никотин секторына жатпайтын өнімдерді қоса отырып ұзақ мерзімді перспективада кеңейтіп келеді. Компания өнімдерінің қазіргі ассортименті негізінен темекімен инновациялық түтінсіз өнімдерден тұрады. 2008 жылдан бастап PMI темекі тартуды жалғастыратын ересек темекі тартушыларға арналған инновациялық түтінсіз өнімдерді әзірлеуге, ғылыми негіздеуге және коммерцияландыруға 10,5 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Компанияның мақсаты - темекі сатуды толығымен тоқтату. Ол әсіресе клиникаға дейінгі жүйелік токсикология, клиникалық және мінез-құлықтық зерттеулер, сондай-ақ постмаркетингтік зерттеулер саласында әлемдік санаттағы ғылыми бағалау мүмкіндіктерін құруды қамтиды.

PMI 2022 жылғы қараша айында никотинді пероралдыжеткізу саласындағы Swedish Match атты жетекші компанияны сатып алды. Осылайша, компания басында IQOS және ZYN брендтері тұрған темекі тартудан бас тартудың жаһандық чемпионы болды. АҚШ-тың азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі басқармасы (FDA) модификацияланған тәуекелдерге (MRTP) ие темекі өнімдері ретінде PMI ұсынған IQOS Platform 1 және Swedish Match ұсынған General snus құрылғылары мен шығын материалдарының нұсқаларын мақұлдады.  

2022 жылғы 31 желтоқсан айындағы жағдай бойынша темекі шекпейтіндерге арналған PMI өнімдері 73 елдің нарығында ресми түрде қолжетімді болды және PMI бағалауына сәйкес, бүкіл әлем бойынша шамамен 17,8 миллион ересек адам IQOS-қа ауысып, темекіні тастаған. Түтінсіз өнімдер үлесі 2022 жылға PMI жалпы таза түсімінің шамамен 32% -на сәйкес келді.

Жаратылыстану ғылымдары саласында іргетасы берік және айтарлықтай тәжірибеге ие бола отырып PMI 2021 жылғыақпанда әл-ауқат пен денсаулық сақтау саласындағы қызметін кеңейту бойынша өз амбициясын жариялады. PMI өзінің Vectura Fertin Pharma еншілес компаниясы арқылы мінсіз медициналық қызмет көрсету есебінен өмір сапасын жақсартуға тырысады.

Толығырақ ақпаратты компанияның www.pmi.com және www.pmiscience.com ресми сайттарынан таба аласыз.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.