Фильмді көрсетудің басты мақсаты - жастардың есірткі, оның ішінде "синтетикалық" есірткіні тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты үздіксіз атқарып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Соның бірі облыс орталығындағы "Тұран" сауда орталығының кинотеатрында "Шекер" фильмінің көрсетілімі кезінде ұйымдастырылды.
Фильмді көрсетудің басты мақсаты - жастардың есірткі, оның ішінде "синтетикалық" есірткіні тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру. Сондай-ақ көрермендерге заңсыз әрекеттерге жоламау туралы ой салуға бағытталды.
Шара барысында тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, "синтетикалық есірткінің" зияндылығы туралы білуге және оларды қолданудан аулақ болуға шақырды. Көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, естелік сыйлықтар таратты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.