Премьер-министр Қызылорда облысының негізгі гидротехникалық нысандарының жұмысымен танысты

Жаңалықтар 31 шілде, 2025

Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің аграрлық секторға су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді және өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымының жай-күйімен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Премьер-министр заманауи су үнемдеу технологияларын іске қосқан Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқаптарында болды. Шаруашылықта күріш, күздік бидай және жоңышқа өсіріледі, ал суару үшін суды ұтымды тұтыну жүйелері қолданылады. Қолданылған шешімдердің тиімділігі осы жылдың вегетациялық кезеңінің мысалында көрсетілді.

Олжас Бектенов өңірдің негізгі гидротехникалық нысандарының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Сырдария ауданында орналасқан «Әйтек» су торабының жұмысын тексерді. Су торабы 2004 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілген. «Әйтек» арқылы 13 мың гектар егіс алқабы мен 3 319 гектар көл жүйесі, сондай-ақ 120,8 мың гектар шабындық және жайылымдық жерлер сумен қамтамасыз етіледі.

Премьер-министр Қызылорда қаласы, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты 120 мың гектардан астам аумақтағы көл жүйесі мен жайылымдық жерлерді сумен қамтамасыз ететін Қараөзек арнасына әуеден шолу жасады.

Қызылорда су торабын аралау барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов өңірдегі су шаруашылығы жағдайы мен қазіргі қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Қызылорда су торабы 1956 жылы пайдалануға берілген және 120 мың гектар аумақты суаруды қамтамасыз етеді. 

Сапар барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын қарқынды түрде енгізу жөніндегі алға қойған міндетіне назар аудартты. Бұл қазіргі гидрологиялық жағдайда өте өзекті. Осыған байланысты Үкіметтің баса көңіл бөліп отырғаны – ауыл шаруашылығы өндірушілерін тұрақты сумен қамту, соның ішінде оларды суды тиімді пайдаланудың заманауи технологияларына кезең-кезеңімен көшіру.

Осы тұрғыда 2024 жылы Су және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп инвестициялық субсидиялау және суармалы су ережелеріне тиісті өзгерістер енгізген болатын. Соған сәйкес тамшылатып және жаңбырлатып суаруды енгізген шаруашылықтармен суды пайдалануға арналған келісімшарттар басымдық беру тәртібімен жасалады. Қалғандары қалдық су көлемі және суды үнемдейтін шешімдерге көшу міндеттемесі болған жағдайда ғана су ресурстарын ала алады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.