Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды

Жаңалықтар 13 маусым, 2025

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды.
Оған қатысу үшін кандидаттың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі, бес жылдан кем емес еңбек өтілі және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес сертификатының болуы қажет (ұсынылатын құжаттар: 3х4 нұсқада фотосурет, білімін, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат),- деп хабарлайды turkistan.today

Іріктеу 6 кезеңнен тұрады (кандидаттардың құжаттарын қабылдау; мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; ситуациялық тапсырмаларды шешу; құзыреттерді бағалау; Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда  кандидаттармен әңгімелесу; Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау) және осы жылдың маусым-қазан айлары аралығында өткізіледі. Оған қатысатын кандидаттардың құжаттарын қабылдау осы жылдың 1-30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында онлайн жүзеге асады.

Бұл ретте, іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар салалары бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде осы салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
​Резервке алынған адамдар Ұлттық комиссияның Резервке кандидаттарды қабылдау туралы шешімі шығарылған күннен бастап Президенттік жастар кадр резервінің резервшісі мәртебесіне ие болады.
​Резервшілерді мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы уәкілетті комиссияның шешімі бойынша Резервке алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

Кандидаттың резервті қалыптастыру тәртібін сақтамауы, анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсыну, кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3 және 3-1-тармақтарының талаптарына сәйкес болмауы іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі болып табылады.

Осы орайда, жастарымыздың бойындағы күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру үшін, мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет.
Сондықтан, елге адал қызмет етемін деген жастарды Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға шақырамын.
 
Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
​​​​​​​​агенттігінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.