ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Түркістан облысына жұмыс сапары басталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 12 ақпан, 2025

Түркістан облысына ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен келді. Мақсат – Мемлекет басшысының 28 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларын орындау, аймақтың инфрақұрылымын дамытып, энергетикалық әлеуетін көтеру,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Алмасадам Сәтқалиев өңірдегі энергетика саласына қатысты мәселелерді шешу жолдары туралы ой қозғап, маңызды жобаларды талқылады.

Түркістан облысың әкімі Нұралхан Көшеров облыста энергетика тапшылығын жою, жаңа қуат көздерін өндіретін станциялардың құрылысына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Түркістан және Кентау қалаларының жылу желілерін қайта құру, Түркістан қаласындағы «Яссы» және «Орталық» қосалқы станциялардың арасындағы 110 кВ электр желілерінің құрылысы, облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру және өзге де мәселелер айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов инфрақұрылым, газ, электр салаларында атқарылған жұмыстарды баяндады. 

Айта кетейік, өткен жылы Кентаудағы Жылу станциясы жаңғыртылып, қазандықтары жаңарды. Жылу мәселесі шешілді. Облыстың электр энергия қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Сайрамда 1000 МВт бу-газ станциясы, Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина станцияларын, сонымен қатар, Сауран, Сайрам аудандарында 785 МВт күн, Бәйдібек ауданында 350 МВт жел электр станцияларын салу жоспарлануда.

Облыста 278,6 МВт қуатты құрайтын 24 жаңартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істеуде. 2024 жылы Келес ауданында «Қызыләскер», Түркістан қаласында 110 «Солтүстік» қосалқы станциялары электр желілерімен қоса жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2024 жылы 53 елді мекен (81 мың халық) газдандырылды. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендер саны 563-ке жеткізілді. Аймақта элекр желілерін жаңарту, елді мекендерді сапалы электрмен қамту жұмыстары жалғасады. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.