Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды
Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған. Нақтырақ айтсақ, 7 млн 820 мың 918 адам дауыс берді,- деп хабарлайды turkistan.today
Аймақтар бойынша Түркістан облысы ең белсенді үштіктің қатарында - дауыс берушілердің 75,31 пайызы таңдау жасаған.
6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды.
6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -i бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 69,57%
2. Ақмола облысы бойынша – 71,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11%
4. Алматы облысы бойынша – 68,71%
5. Атырау облысы бойынша – 63,28%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%
7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%
8. Жетісу облысы бойынша – 68,01%
9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %
10. Қостанай облысы бойынша – 73,45%
11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03%
13. Павлодар облысы бойынша – 65,09%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %
15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%
16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79%
18. Астана қаласы бойынша – 50,81%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,39% 20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.