Референдум: Түркістанда ең жас дауыс беруші өз таңдауын жасады

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 6 қазан, 2024

18 жастағы Несібелі Сегізбай елімізде АЭС құрылысының жүргізілуіне қатысты өз таңдауын жасады

Түркістан қаласында референдум аясындағы №133 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып, ең жас дауыс беруші келді. 18 жастағы Несібелі Сегізбай елімізде АЭС құрылысының жүргізілуіне қатысты өз таңдауын жасады,- деп хабарлайды turkistan.today

Алғашқы үлкен таңдауын жасаған Несібелі ел тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды. Жас дауыс берушіге учаске атынан арнайы сыйлық берілді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының халқы ел аумағында атом электр станциясын салуына қатысты ортақ бір шешімге келмек. Осыған орай, таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс беру учаскелері өз қызметін бастаған болатын.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.