Ресей қазақ астығын Ираннан ығыстырды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 3 тамыз, 2023

Бұрын Қазақстан Иранға жылына 1 млн тоннаға жуық астық жеткізіп отырған.

Бүгінгі таңда бұл елге жеткізілім іс жүзінде тоқтап қалды. Бұл туралы Қазақстан астық одағы сауда комитетінің басшысы Александр Малов мәлімдеді, деп Turkistan Today жазады inbusiness.kz eldala.kz порталына сілтеме жасап.

Бір жағынан отандық трейдерлер санкцияға ұшыраған Иранмен есеп айырысуды жүргізе алмаса, екіншіден ресейлік астық өте төмен бағамен ол елге белсенді түрде кіреді, деді ол.

"Ресейлік арпа Иранға біздің валютамызға шаққанда тоннасы үшін 55 мың теңге бағамен келеді. Біз мұндай бағаны ұсына алмаймыз, ішкі нарықта арпа әлдеқайда қымбат", - деді ҚАО сауда комитетінің басшысы елордада өткен дөңгелек үстелде.

Александр Маловтың сөзінше, бидай бойынша да осыған ұқсас жағдай қалыптасты. Одан бөлек арпаны қайда сатуға болады деген сұрақ туындайды. Оның үстіне Иран бағытында жұмыс істеген Ақтау теңіз порты бос қалған.

"Қазір порттың қуаты 15%-ға жүктелген және жағдайды жақсарту перспективалары көрінбейді", - деді спикер.

Қазақстан астық одағының мәліметінше, Қырғызстан ЕАЭО-ға кіргенге дейін Қазақстан бұл елдің астықтың барлық түріне деген қажеттілігінің 90% жауып отырған. Алайда бүгінде арзан ресейлік астық қазақстандық астықты Қырғызстаннан толығымен ығыстырды.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.