Ресейден ҚР-ға ААЖ арқылы ақша аударымдары көлемі бірден 6 есе өсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 21 сәуір, 2023

Биыл қаңтар-ақпан айларында шетелден ақша аудару жүйелері арқылы түскен қаражат көлемі 53,4 млрд теңгеге жетті, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда бірден 69,1% артық.

Бұған дейін осы кезеңдегі ақша аударымдарының көлемі үш жыл қатарынан төмендеген еді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ақша аудару жүйелерінің ішінде ресейлік «Золотая Корона» көш бастап тұр, ол арқылы биыл қаңтар-ақпан айларында 28,1 млрд теңге аударылған. Олардан кейін Western Union (10,8 млрд теңге), MoneyGram (6,1 млрд теңге), «Юнистрим» (5,5 млрд теңге) және Contact (2,6 млрд теңге).

ААЖ арқылы ең көп ақша аударылған елдердің ішінде Ресей бірінші орында: биыл қаңтар-ақпан айларында 21,7 млрд теңге, 2022 жылдың қаңтар-ақпанындағы 3,8 млрд теңгемен салыстырғанда 5,7 есе өсті.

Одан кейін Өзбекстан: 6,1 млрд теңге, бір жылдағы өсім — 1,3%. Алғашқы үштікті Оңтүстік Корея жапты: 5,2 млрд теңге, бір жыл ішінде 14,7% өсті.

Содан кейін АҚШ (5,2 млрд теңгеден сәл аз), Түркия (3 млрд теңге), Қырғызстан (2,6 млрд теңге) және Германия (2,5 млрд теңге).

Биыл қаңтар-ақпан айларында ААЖ арқылы Қазақстанға аударылған ақшаның 40,7%-ы Ресейден келді, былтыр көрсеткіш 12,2% болған. Салыстыру үшін: 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында РФ үлесі 20,2%, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 30,9%, ал коронадағдарыс алдындағы 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 42,3% болды.

Ай сайынғы көрсеткішке қарай болсақ, Ресейдің ААЖ арқылы Қазақстанға аударымдарының үлесі 2019 жылдың ортасынан бері 40%-дан төмен түсті. 2020 жылдың тамыз айынан бастап бұл көрсеткіш 30%-дан жоғарылаған жоқ, ал 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың наурызына дейін 12%-дан 18%-ға дейін өзгерді.

Алайда, 2022 жылдың сәуірінен бастап, Украинада соғыс басталғаннан кейін ҚР-ға аударымдардың жалпы көлеміндегі РФ үлесі 34,9%-ға дейін өсті және өткен жылдың соңына қарай ол 47%-дан 73%-ға дейін ұлғайды. Нәтижесінде, егер жалпы 2021 жылы Ресейдің Қазақстанға аударымдардағы үлесі небәрі 18,7%-ды құраса, 2022 жылы 52,6%-ға жетті.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.