С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да АЭС талқыланды

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Сараптама 25 қыркүйек, 2024

Қазақстан уран қоры бойынша әлемде екінші орында

Бүгін Amanzholov university ҰП ҰҒЗ-да профессор-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер «АЭС рөлі және кадрларды даярлау» дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Шара барысында АЭС салудың негізгі артықшылықтары мен қауіпсіздік тетіктері баяндалды,- деп хабарлайды turkistan.today

- Әлемде электр энергиясы ауаны көп мөлшерде ластайтын көмір, мұнай, газ қолдану арқылы өндіріледі. АЭС-та ауа ластағыштарының көрсеткіші нөлге тең. Ал ЖЭС жылына 400 тоннаға жуық уытты металл бөледі. Қазір жетпеген энергия қорын Ресей Федерациясынан сатып алып отырмыз. Сол себепті де ресуртарды халық игілігіне қолдануды қолдаймын, - деді Физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Еркежан Қабдыкенова.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ жыл сайын «Ядролық физика», «Ядролық физика және атом энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда. «ҮМЗ» АҚ, «Титан-магний комбинаты» сынды бірнеше кәсіпорындарына ШҚУ түлектері жұмысқа орналасқан. Ал студенттер кәсіпорындармен ғылыми-тәжірибелік байланыста.

- Қазақстан уран қоры бойынша әлемде екінші орында. Қазіргі кезде күн, су энергиясы қолданыста. Еліміз табиғи ресурсты мүмкіндігінше пайдаланса, елдің әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосады. АЭС құрылысының артықшылықтарын дөңгелек үстел қатысушыларына ғылыми тұрғыда түсіндіріп бердік, - деді ҰП ҰҒЗ меңгерушісі Ақатан Қыдырмолла.

Атом электр станциясына кадрлар дайындауда жетекші рөл атқаратын С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары қарқынды даму үстіндегі елдің келешегі атом электр станциясының құрылысына тікелей тәуелді және тығыз байланысты деп түйіндеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.