Солтүстік Қазақстан облысында қоюландырылған сүт өндіретін заманауи цех өз жұмысын бастады.
Жаңа өндіріс өңірдің сүт өңдеу саласындағы әлеуетін нығайтуға бағытталған. Жоба шикізат көлемін ұлғайтумен қатар, қосылған құнды тікелей облыс ішінде қалыптастыруды көздейді.
Жобаға 2,7 млрд теңге инвестиция тартылып, қосымша 30 жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаты жылына 12 мың тоннаны құрайды. Бұл ішкі нарықты қоюландырылған сүтпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты шикізат базасы қалыптасқан. Өңірде жыл сайын шамамен 370 мың тонна сүт өндіріледі. Облыс аумағында 118 сүт фермасы жұмыс істейді, оның ішінде 50 заманауи өнеркәсіптік кешен бар.
Кәсіпорын басшылығы іске қосылған желіні өндірісті дамытудың жаңа кезеңі деп бағалап отыр. Қазіргі таңда даму стратегиясы айқындалып, цех нақты міндеттерді жүзеге асыруға кірісті.
«Біз Қазақстандағы ең ірі қоюландырылған сүт өндіретін цехты салдық. Негізгі мақсатымыз - импортты алмастыру және отандық өнімнің үлесін арттыру. Өндіріс желісі барынша автоматтандырылған, автоматтандыру деңгейі кемінде 98 пайызды құрайды», - деді кәсіпорынның бас директоры Андрей Гриценко.
Оның айтуынша, басты басымдық жергілікті шикізат пен тиімді логистикаға берілген.
«Біз солтүстікқазақстандық фермерлердің сүтін пайдаланамыз. Қазіргі таңда 18 жеткізушімен жұмыс істейміз. Шикізатты жинау мен жеткізуді өзіміз ұйымдастырамыз, облыс аумағында жұмыс істейміз. Жергілікті шикізатты пайдалану логистикалық шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, бұл өнімнің халық үшін қолжетімді болуына әсер етеді», - деп толықтырды бас директор.
Сонымен қатар компания экспорттық бағыттарды да қарастырып отыр. Алдымен ішкі нарықтың сұранысын толық қамту, кейін ТМД елдері мен Азия нарығына шығу жоспарланған.
Жалпы алғанда, сүт өңдеу саласы өңір экономикасындағы тұрақты бағыттардың бірі болып қала береді. Облыста жылдық қуаттылығы 451,3 мың тонна болатын 15 сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Өнім түрлері 150-ден асады, олардың бір бөлігі экспортқа шығарылады.

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.