«Сабаққа қоспады»: Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар ашуланып жатыр

«Сабаққа қоспады»: Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар ашуланып жатыр

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кезекті марафонын бастады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ғажайып 2024» марафонына бүгінде 9 мыңға жуық адам тіркеліп үлгерген. Сабақтың құны - 7 мың теңгені құрайды. 

Бұл марафонда 2024 жылға мақсаттар жазып, оларды орындау үшін нақты техникалар беріледі, - деп жазған Айнұр Тұрсынбаева.

Алайда, сабақтың ақшасын төлеп, қосыла алмай жатқан қыз-келіншектердің қарасы қалың. 

«Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады», «Мен де бірінші күні төлегенмін, неге қоспады, бір сағат күттім», «Ақшасын төледік, неге бізді қоспады», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0