“Сағынышым жылдан-жылға үдеп келе жатыр”. Сәкен Майғазиев жан тебірентерлік жазба қалдырды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 12 қаңтар, 2024

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші, ұстаз Сәкен Майғазиев әкесіне сағынышын жеткізді, деп Turkistan Today хабарлайды Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл әкесінің дүниеден озғанына – 19 жыл. 

“Әкемдей болсам деп армандайтынмын. Үнемі саған айтушы едім ғой, балам. Өмірде үш идеалым бар: әкем, Өзбекәлі Жәнібеков және Дінмұхаммед Қонаев. Кейде менің орнымда әкем болса не істер еді деген сұрақпен тоқтаймын көпшілік жерде. Біреу ашуландырғанда, жүйкем тозғанда, сабырсыз болған кезде әкемді есіме аламын. Сол арқылы өзімді тоқтатамын. Әкемді көрсем алғыс айтар едім. Оның рухына бағыштаған Құранымыз оның рухын шат-шадыман етеді деп ойлаймын. Мінезі керемет, жібек болған. Бірінші атаңды көрсем, алғыс айтып, маңдайынан сүйер едім. Иіскеп, құшақтар едім", – деп жан сырын ақтарды әнші.

Өнер иесі әкесі туралы жиі естелік айтып жүр. “Сағынышым жылдан-жылға үдеп келе жатыр” деп көз жасына ерік берді. 

“Әкем өзі үлгі болды деп айтар едім. “Сен жаман оқыма, жақсы оқы, біреудің ала жібін аттама, біреуді ренжітпе, біреудің есесін жеме” деген сияқты сөздерді ешқашан айтқан емес өмірінде. Ол кісі көрсетті. Сондық болмысымен ол кісіні бағалаймын. Тау алыстаған сайын биіктейді дегендей, әкем 2005 жылы дүниеден өтті. Бірақ сағынышым жылдан жылға үдеп келе жатқан сияқты. Әкемнен көрген тәрбиені балама көрсеткім келеді. Үнемі айтып та жүрмін. Егер өзің оғаш қылып істеп, темекі тартып, арақ ішіп отырып, балаңа темекі шекпе, арақ ішпе деп айту ақылға сыймайтын дүние. Сол сияқты әкемнен көп дүние алдық. Ол кісінің болмысынан, жүріс-тұрысынан. Әкемізден жаман сөз естімейік деп қана кеттік-ау. Мен әкемнен мақтау сөз естиін болмаса ұпай жинайын деген ой болған емес. Бірақ әкем көзіме мақтаған да емес”, – деп еске алады әнші. 

870

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.