Сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған: Атырауда педофилге сот үкімі шықты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 12 қаңтар, 2024

Күдікті 17 жылға сотталды.

Атырауда 2022 жылдың желтоқсанында 13 жастағы мүгедек қызды зорламақ болған ер адамға сот үкімі шықты, деп Turkistan Today хабарлайды Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 2022 жылдың 6 желтоқсанында Авангард шағын ауданында болған.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл оқиғаға нүкте қойған.

Ер адам Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы – қыз зорлауға оқталу және ірі залал келтірген көлік ұрлау бойынша кінәлі деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды. Сондықтан істің мән-жайы жария етілмеді.

"Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру актісімен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді", - деп атап өтті Атырау облыстық соты.

Сот ер адамды екі бап бойынша да кінәлі деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

759

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.