«Samruk-Kazyna Trust» үздік қайырымдылық қоры атанды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 29 қаңтар, 2024

Қорға «Үздік қайырымдылық қоры» сыйлығын Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов тапсырды. Марапат Қордың Астана қаласында қоғам алдындағы есеп беруі кезінде салтанатты түрде берілді, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстандағы қайырымдылық, меценаттық, еріктілер қозғалысын ынталандыру үшін «Ардагерлер ұйымымен» бекітілген «Ақ Бата» номинациясы бойынша «Үздік қайырымдылық қоры» деп танылды.

«Қаншама ауылда спорт алаңдары мен кешендері бой көтеріп, ерекше балалардың ата-аналары алысқа сабылмай, бүлдіршіндерін жақын жерден ашылған заманауи оңалту орталықтарына апаруда. Ілкімді істерге бастамашы атанып, мұқтаж жандардың жанынан табылып, еліміздің өркендеуіне еселі үлес қосып жатқандарыңызға кезекті рет куә болдық. Ізгі істердің, нақты істердің қоры болып жүре беріңіздер!», – деп атап өтті Бақтықожа Ізмұхамбетов.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2023 жылы денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім, мәдениет пен спорт салаларында құны 7,2 млрд теңге болатын 46 әлеуметтік жобаны іске асырды.

390

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.