Серіктестер

Сарапшы: Құрылтай заңдарының сапасы ғылымға және салдарын бағалауға негізделуі тиіс

Жаңалықтар Бүгін, 19:36

Құрылтайдың заң шығару қызметінің сапасын арттырудың негізгі тетіктерінің бірі сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу болуы тиіс. Бұл туралы «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сарапшылар платформасында Парламентаризм институты Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы Шолпан Саймова мәлімдеді,— деп хабарлайды turkistan.today порталы kisi.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, конституциялық реформаны практикалық тұрғыда іске асыру және заң шығарушы биліктің бір палаталы моделіне көшу қабылданатын шешімдердің сапасына жаңа талаптар қояды. Құрылтай сайлауының тағайындалуы саяси жүйе мен мемлекеттік басқару моделін толыққанды жаңғыртудың алғашқы қадамы болды. Сондықтан заң шығару процесін кәсіби тұрғыдан сүйемелдеудің маңызы ерекше артып отыр.

Шолпан Саймова қазіргі заманғы заң шығару қызметі терең ғылыми талдаусыз, ықтимал салдарды бағалаусыз және заңнамалық бастамаларға кәсіби сараптама жүргізусіз мүмкін еместігін атап өтті. Құрылтайға ұсынылатын әрбір бастама құқықтық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық ықпалы ескеріле отырып бағалануы қажет.

Сарапшы атап өткендей, Құрылтайды қалыптастырудың жаңа қағидалары партиялық бағдарламалардың және заңнамалық бастамалардың сапасының маңызын арттырады. Осыған байланысты қабылданатын шешімдерді ғылыми және талдамалық тұрғыдан сүйемелдеуге қабілетті сарапшылар қауымдастығының рөлі күшейе түседі. Оның айтуынша, сараптамалық-талдамалық қамтамасыз ету жаңа заң шығарушы орган қызметінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Шолпан Саймованың пікірінше, бұл үдерісте үлкен деректер көлемін талдауға, заңнамадағы ықтимал қайшылықтарды анықтауға және қабылданатын шешімдердің салдарын дәлірек болжауға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық-талдамалық жүйелер мен жасанды интеллект технологиялары ерекше рөл атқаруға тиіс.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.