Сарыағаш ауданын дамыту жолдары талқыланды

Фото:  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото:  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 1 тамыз, 2025

2025 жылдың 1 тамызында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен мәжіліс өткізді. Жиында аймақты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыстық басқармалар, аудан әкімдігі мен ауылдық округтердің басшылары, мәслихат депутаттары  қатысқан мәжілісте облыс әкімі Сарыағаштың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

– Туризм саласы, инвестиция тарту, өзіндік кірістерді ұлғайту жұмыстарын жандандыру керек. Әсіресе, туризмнің мүмкіндігі мол.  Ауданның, аудан орталығының тазалығына мән беріңіздер. Сарыағаш – облысымыздың ірі әрі әлеуеті жоғары аудандарының бірі. Халық саны көп, еңбекке қабілетті жастар жеткілікті. Сондықтан әрбір салада жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Біз жанашырлықпен жұмыс істеуіміз керек. Күнделікті ізденбесек іс өнбейді. Өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістерді ұлғайту мәселесі күн тәртібінен түспейді, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық сала, тазалық сақтау, көгалдандыру, білім беру, денсаулық сақтау, жол жөндеу, ауыз су және газбен қамту салаларының өзекті мәселелері де қозғалды. Облыс әкімі аталған бағыттар бойынша нақты жобалардың жүзеге асуын үнемі бақылауда ұстайтынын атап өтті. Жоспарды орындамаған ауылдық округ әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпе айтты. 

Аудан әкімі Арман Абдуллаев аймақты дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшылары индикаторлардың орындалуы бойынша ауданның көрсеткіштеріне тоқталды. 

Жиын соңында аудан активі облыс әкімінің тапсырмаларын қолдайтындықтарын білдіріп, Сарыағаштың дамуына өз үлестерін қоса беретіндіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданында негізгі экономикалық көрсеткіштерде оң өсім бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі алты айда 141,5 млрд теңгеге жетіп, НКИ 135 пайызды құраған. Ауыл шаруашылығы саласында  51,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 118,1 пайызға жетті. 

Алты айда ауданға 31 млрд инвестиция тартылса,  өнеркәсіп саласында 15,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсімге қол жеткізілген.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.