Сауалнама: Қазақстандықтар дәстүрлі құндылықтарды жоғары қояды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 20 наурыз, 2024

2024 жылғы 26 ақпан - 11 наурыз аралығында eGov mobile платформасында басым құндылықтарға қатысты азаматтарға сауалнама жүргізілді,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Қазақстандықтар үшін ең маңызды құндылықтар денсаулық (69,70%), балалар (39,71%) және отбасылық әл-ауқат (22,74%).
 
Әлеуметтанулық деректер қазақстандықтар үшін дәстүрлі құндылықтар аса маңызды екенін көрсетеді.

Мәселен, қазақстандықтардың құндылық бағдарлары жүйесінде денсаулық (69,70%), балалар (39,71%), отбасылық әл-ауқат (22,74%) және бейбіт аспан (17,96%) сияқты құндылықтар басым. Бұл қазақстандықтардың өз денсаулығын сақтауға және балалар мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне зор мән беретінін көрсетеді.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандар махаббат (15,38%), қауіпсіздік (13,61%), берік отбасын құру (13,30%), материалдық байлық (12,30%), жұмыс (11,50%), еркіндік (11,48%) сияқты құндылықтардың маңыздылығын көрсетуде.

Айта кетейік, сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 104 842 адам қатысты. Оның ішінде 56% әйелдер және 44% ерлер; 69% қала тұрғындары және 31% ауыл тұрғындары; 67% қазақтар, 20% орыс және 13% басқа этностар; 30% (18-29 жастағылар), 52% (30-45 жастағылар), 15% (46-60 жастағылар), 3% (61 және одан жоғары жастағылар).

2.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.