Сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құтты болсын

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 28 шілде, 2024

Бүгін сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сауда әр елдің экономикасындағы маңызды сала,-деп хабарлайды turkistan.today  Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Facebook парақшасында жариялады. 

Құрметті сауда қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі кәсіби мереке - сауда қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сауда әр елдің экономикасындағы, халықаралық қатынастағы маңызды сала. Сауда және интеграция министрлігі өзінің қысқа тарихында табанды және нәтижелі еңбек етіп, ел Үкіметі тарапынан қойылған міндетті межелерге қол жеткізіп келеді.

Небәрі 5 жылдың ішінде ішкі сауда айналымы 60 пайызға артты. Ал сыртқы тауар айналымы 43 пайызға өсті. Тауарлар экспорты 2023 жылы 35 пайызға ұлғайды.

Қазір сауда саласында бір жарым миллионнан астам қазақстандық қызмет етеді. Біздің министрлік құрылғаннан бері отандық компаниялар мен өндірушілер электронды сауда тетіктерін меңгеріп, әлемдік электронды сауда алаңдарына шыға бастады. Соның арқасында осы салада қызмет ететін азаматтардың саны өсті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруда тиімді шешімдер қабылданып, баға мониторингі қалыптасты. Соның нәтижесінде елімізде соңғы 8 жылда баға дефляциясы тіркелді. Жақында болған Қытай басшысының елімізге сапары аясында Қытаймен сауда-ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол жеткіздік. Бұл құжат әлемдегі алпауыт державамен ашық сауда жасауға мүмкіндік бере отырып, әлемдік аренада Қазақстанның сауда- саттық потенциалының жоғары екенін дәлелдей түсті. Осы орайда Иранмен, Сингапурмен және Сербиямен маңызды еркін сауда келісімдерін жасағанымызды да айта кеткен абзал. Әлемдік экономика бір орнында тұрмайды. Сондықтан сауда саласын әрі қарай дамыту,саладағы көрсеткіштерді еселеу, жаңа тенденцияларға сай жұмыс жүргізу, еліміздің сауда саясатын мығымдау, сауданың әлеуетін арттыру – алдымызда тұрған үлкен міндет. Ал елдік міндетті ешкім жалғыз атқармайды. Мұндай жүгі ауыр жауапкершілікті сіздермен бірге атқарамыз.

Осындай айтулы күнде барша сала қызметкерлеріне деген зор ризашылығым мен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Дендеріңізге саулық, мұқалмас ерік-жігер, отбасыңызға бақ-береке тілеймін! Кәсіби мереке құтты болсын!

334

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.