Сайлау күні ел бойынша 100-ден астам учаске таңғы сағат 06:00-де ашылады. Ал басқа дауыс беру орындары сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Жалпы республика бойынша 10 мың 423 сайлау учаскесі бар,— деп хабарлайды turkistan.today
Сол күні шамамен 600 нысанда дауыс беру уақытынан бұрын аяқталуы мүмкін. Бұл тізімге әскери бөлімдер, ауруханалар, вахталық қалашықтар мен арнайы мекемелер кіреді. Егер аталған жерлерде тізімдегі азаматтардың барлығы түгел таңдауын жасап болса, комиссия сайлауды кез келген уақытта жабық деп жариялай алады.
Кешкі сағат 20:00-ге дейін күту міндетті емес. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін тексеретін мониторингтік топтардың жұмысы қыза түскен. Әзірге олар тек бес өңірдегі тексерісті толық аяқтаған.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.