Халық өкілді билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлаулар арқылы жүзеге асырады. Кез-келген демократиялық жолды таңдаған мемлекет өкілетті органды қалыптастыруда халықтың таңдауына жүгінеді. Сайлаулар әр елдің өзінің сайлау жүйесі, саяси мәдениеті, құқықтық-заңнамалық негізі, басқару формасына қарай жүргізілетіні белгілі. Сондықтан сайлаудың ұйымдастырылуы мен реттелуі сайлаушылар тарапынан да, зерттеушілер тарапынан да, әртүрлі халықаралық ұйымдардың да талқылап жүрген өзекті мәселесі. Қоғам сайлаулардың әділ өткізіліп, оның нәтижесінде шын мықтылардың жеңіске жеткенін қалайды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Осы бағытта дөңгелек үстел өтіп, еліміздегі сайлау процесінің мәселелері көтерілді. Дөңгелек үстелде «Сайлау жүйесіндегі жаңа реформалар: жергілікті өзін-өзі басқару болашағы» тақырыбы аясында соңғы уақытта өткен сайлау науқандарына шолу жасалды.
Сондай – ақ, сайлау науқаны тұсында қолданылған жаңашылдық және БАҚ – тағы жаңа технологияларда талданды.
Кездесуге ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілі Жексембекова Венера Абыханқызы, «AMANAT» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының Атқарушы хатшысы Азат Серікұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және тағы басқалар қатысты.
Аталмыш дөңгелек үстелде ағымдағы жылы өткен аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауына да тоқталды.
164 үміткер тіркелген аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тартысты өтті. 164 кандидаттың 42 пайызы немесе 69 - ы саяси партиялардан болса, 57,92 пайызы немесе 95 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Үміткерлердің шамамен үштен екісі өзін-өзі ұсыну жолымен түсті. Айта кету керек, бұған дейін аудандық қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің сайлауында өзін-өзі ұсынған кандидаттардың 25 пайызы ғана болған. Сонымен қатар, кандидаттарды ұсыну процесінде тіркелген барлық 7 саяси партия белсенділік танытты: «Ақ жол» ҚДП, АМАНАТ, «Ауыл» ХДП, Байтақ, ЖСДП, ҚХП және «Республика».
Аталмыш ауыл, аудан, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы, саяси жаңғырудың жаңа кезеңін жүзеге асыру мақсатындағы елдегі саяси процес деп ойлаймын.
М.Ә. БОЛЫСБЕК
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы
Аталмыш мақала ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетімен қаржыландырылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.