Үйсіз жануарлардың санын зарарсыздандыру арқылы реттеу жоспарлануда.
“2023 жылы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңды орындау үшін облыс әкімдігі жануарларды аулауға және ұстауға 79 млн теңге қарастырды, сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтарды зарарсыздандыруға 6 млн теңгеден астам қаражат бөлінді», – делінген хабарламада.
Қазір Абай облысының ветеринария басқармасы қажетті конкурстық рәсімдерді жүргізуде.
«Қаңғыбас жануарларды аулау және ұстау бағдарламасы аясында Семейде 2000 орындық баспана салу жоспарланған, қазірдің өзінде ауданы 3 га жер учаскесі анықталған», – деп толықтырды әкімдік.
Қазақстанда мысықты зарарсыздандыру шамамен 7000 теңге, ал иттерді 10 000 теңгеден басталады. Биыл әкімдік бөлген 6 млн теңгеге 600-ге жуық жануарды зарарсыздандыруға болады.
Сәуір айының соңында Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев жануарларды зарарсыздандыру үшін қаражат бөлуге өтінім берілгенін, ол қаралуда екенін айтты. Оның айтуынша, облыс енді ғана құрылып, ұйымдастырушылық мәселелер біраз уақытты алады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.