Серік Күдебаевты Түркияда ұстап, Қазақстанға әкеле жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 27 сәуір, 2023

Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін деген Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты ұсталды деген ақпарат тарады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бейресми дереккөздердің мәліметі бойынша ол Түркияда қолға түскен. Енді құқық қорғау органдары Қазақстанға әкеле жатқан көрінеді. ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асыловтың өзі журналистерге бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, Күдебаев Түркиядан жеткізілген.

Айта кетейік, Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қырғызстан арқылы Түркияға қашқаны айтылған. Осы іс бойынша жедел тергеу тобы құрылған.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев  Қырғызстан мемлекетіне жолданған сауалдың жауабы келгенін айтқан. Қырғыз тарапы Серік Күдебаев Манас әуежайы арқылы Стамбұл қаласына ұшып кеткенін анықтаған. Одан соң, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаев тау арқылы қашуы мүмкін деген болжам айтқан.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.