«Шашың ағарып, кемпір болдың». Зира Наурызбаева әсіре діншілдерге жауап берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 ақпан, 2024

Мәдениеттанушы, мифолог Зира Наурызбаева орамалды қай кезде тағуға болатыны туралы және бұрым өрудің мұсылмандыққа қандай қатысы бары жайында өз пікірін айтты, деп Turkistan Today хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 «Неге орамал тақпайды?»

Мәдениеттанушыға әсіре діншілдер тарапынан көп шабуылдар жасалады екен. Мысалы, «Сен неге орамал тақпайсың? Шашың ағарды, кемпір болдың ғой» деп жиі жазатын көрінеді. Бір жағынан жазушы орамалмен жүру практика жағынан алғанда ыңғайлы деп отыр.

Өйткені шашың ақ па, қара ма, боядың ба, боямадың ба орамалдан ештеңе білінбейді. Мұндай пікірлерді ескере келе, көпшілік алдында мен орамалсыз жүруім керек деген шешімге келдім. Ал орамалды үйде ет асқанда немесе тамақ істегенде міндетті түрде тағамын. Бұған көне берсек, ертең біздің қыздарымызға Иран, басқа елдер сияқты қысым болады. Бұл мемлекеттерде шашы шығып тұрса, ұрып-соғып өлтіріп жатады. Бірақ әрине, орамал тағу исламда бар. Ол – сонау түріктің заманынан бері келе жатқан ғұрып, – дейді Зира Наурызбаева.

Хиджабқа рұқсат берілсе, ертең жамылмаған қыздарға қысым болады

Мәдениеттанушы мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты да өз ойын білдірді. Айтуынша, оқу орындарына хиджабпен баруға қыздардың азаматтық құқықтары бар.

Принцип бойынша оларға рұқсат етілу керек. Десе де, мектептер сондай керемет болса, бірінші кезекте білім мен ғылымды, зайырлы қоғамның үлгі етер жақтарын көрсету қажет. Өйткені кейбір кезде қыздарымыз орамалды өз еркімен тағады. Ал енді бірі ата-анасының, отбасының ықпалымен оранады. Хиджабқа рұқсат берілсе, ертең жамылмаған қыздарға қысым болуы мүмкін. Кезінде 90-жылдары біздің кейбір өңірлер Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау сияқты қалаларда орамалсыз әйелдің далаға шығуы қауіпті болды. Радикалды ықпал қатты болып, орамалсыз және ер азаматсыз әйелдер мен қыздар үйден шыға алмайтындай жағдайға жетті. Сондықтан хиджаб тақпаған қыздарға қысым көрсетіле ме де деген қауіп басым. Бұл мәселені әлі де зерттей түсу қажет. Әр өңірде орамал тағуға деген қанша отбасының сұранысы барын білу керек. Бізде өкінішке қарай, шешімдер зерттеусіз тек бер жағымен қабылдана салады, – дейді мәдениеттанушы.

«Бұрым өрудің мұсылмандыққа қатысы бар ма?»

«Исламда шашың ұзын ба, жоқ па оған ешқандай талап қойылмаған. Тіпті, хадистерде Мұхаммед Пайғамбар құлақтан бастап, иыққа дейін шаш қоя беретін болған. Басқа еркектерге де талап сондай болған. Ал әйелдердің шашы кішкене иықтан төмен түссе болғаны. Бұл – ислам бойынша талап, -дейді мифолог.

Ал міндетті түрде шаш өсіру, өру, еркектердің басын тақырлатып алу, бұлардың бәрі көне түрік ғұрыптары. Әйел адамның бір тал шашы әр жерде қалса, өлген кезде ол адамды қинайды деген ұғым болған. Бұл – көне түркі ұғымдары. Сондықтан бұрынғы заманда әйелдер міндетті түрде орамал тағып, әрбір түскен шашын жинап жүрген деп отыр.

«Әжелеріміз түскен шашты неге жинаған?»

Зира Наурызбаева: «Небір Сібір түркі халықтарында дорбаға шашты салып жинайтын. Сол дорбаны өлген адаммен бірге жастық ретінде көміп тастайтын болған. Бұрынғы кезде әжелеріміз шаштарын жинап, өртеп, адам аяғы баспасын деген ниетпен бір жерге көміп кететін. Егер аяқпен басқан жағдайда, онда ол адамның басы ауырады деп айтатынын еске салып өтті. 

Осы ғұрыпты және бұл сенімді олар мыңдаған жыл бойы ұстап келді. Ал қазіргі заманда бір тал шашымыз шаштаразда да, қай жерде қалмай жатыр. Енді шашқа оған онсызда ие бола алмадық, – дейді жазушы.

375

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.