Шэньчжэнде Қазақстанның жасыл жобаларына Қытай инвестицияларын тарту үшін стратегиялық келісімге қол қойылды

Жаңалықтар 13 мамыр, 2025

Шэньчжэнь қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ мен Қытай-Еуразия іскерлік кеңесі (CEBC) арасында Қазақстандағы экологиялық жобаларға қытай инвестицияларын тартуға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Құжат жасыл технологиялар трансфері, тұрақты шешімдерді енгізу және пилоттық бастамаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.

CEBC ұйымдастырған В2В-инвестициялық форумында ХЖТИЖО мен «Жасыл Даму» бірқатар қазақстандық перспективалы стартаптарды таныстырды. GCIP Kazakhstan бағдарламасы аясында әзірленген OzenM жобасы көпшіліктің назарын аударды. Ол гидробекеттерде орнатуға арналған экологиялық мониторингтің интеллектуалды платформасы болып табылады. Қытайлық Lihero компаниясы өзара әрекеттестіктерге дайын екенін білдірді және жақын арада тараптар Қазақстан аумағында орналасқан 1000-нан астам гидробекетке технологияны ықпалдастыру мүмкіндіктерін талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Владимир Олещенко BREED және LEED стандарттары бойынша 100 автономды экологиялық елді мекендерді салуға бағытталған эко-ауыл жобасының тұжырымдамасын ұсынды. Қытайлық инвесторлардың $600 млн сомадағы алдын ала келісімі Қазақстанның көрікті аймақтарындағы 600 гектар жерді қамтиды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.